Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Жүректен жүрекке»

Қаламызда орналасқан психоневрологиялық  интернат үйі

Бүгін  20- шы қазан  күні №26 мектеп – балабақшасының  6 «Ә» сынып оқушылары өзін-өзі тану пәнінің мұғалімінің басшылығымен  қаламызда орналасқан психоневрологиялық  интернат үйіне барып, «Жүректен жүрекке»  аты іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты    мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету,олардың көңіл-күйлерін көтеру ,  бірлік пен достық арқылы  жалпыадамзаттық құндылықтардың  мәнін ашу болды.

Осы  Іс – шараны өткізу барысында 6 «Ә» сынып оқушылары «Жүректен жүрекке» атты  концерт көрсетті. Сыныптың қыздары «Қуыршақпыз» атты ән айтып,  «Біз кішкентай жұлдызбыз» атты би биледі,  ер балалар  КВН-нен  көрініс қойды. Балалармен бірге әр-түрлі ойындар ұйымдастырып, жұмбақтар жасырды. Іс –шараның соңында  барлығы қосылып «Бала тілегі»  әнін тамылжыта орындады. Қоштасарда  интернат балаларына жұмсақ ойыншықтары мен өз қолдарымен жасаған «достық гүлін» сыйға тартты.

Балалар мектепке жақсы көңіл –күймен оралды.

    

  

 

 

 



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь