Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Дәметкен Хасенқызының құрметіне арналған «Ұстазым, менің ұстазым...» атты мерекелік кеш

              2016 жыл 11 қараша аяулы ұстазымыз, Дәметкен Хасеқызы Кабдушеваның құрметті демалысына арналған «Ұстазым, менің ұстазым...» атты мерекелік кеш өтті. Өмірінің талай белесін мектеп қабырғасында өткеріп, бар күш-жігерін өнегелі ұрпақ тәрбиелеуге арнаған, Ұлағатты ұстаз үшін сындарлы қызмет бейнетінен өтіп, зейнетіне жету – шынымен де көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәтте адал еңбегінің жемісін көріп, жүрегі мақтаныш пен қуанышқа кенелсе де, қажырлы еңбек жолында бірлесе қызмет еткен ұжымымен қош айтысар кездің де жеткендігі оңай емес екендігі сөзсіз.

               Дәметкен Хасенқызын зейнеткерлікке шыққан мерейтойымен аудандық әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі О.В.Черепанова және әдіскер Е.Б.Калдаманова өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.  Сондай-ақ, кешіміздің қонақтары ретінде Дәметкен Хасенқызының алғашқы түлектері де шын жүректен құттықтап, өздерінің ән шашуларын ала келді.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь