Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қарашаның 26 жұлдызында Қазақ мектеп-гимназиясының

«Өнер» орталығының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған « Егемен ел - Қазақстан» атты концерті өтті. Концертке ҚР « Мәдениет қайраткері» Дамеш Құрманкина және оның оқушылары қатысты.  Концертті Айдос Ақылбеков жетекшілік ететін «Мұрагер»халық аспаптар оркестрі Дина Нурпейсованың «Жаса Қазақстан» күйінен бастады. Амангельді Рамазанов жетекшілік ететін дәстүрлі әншілер сыныбы көрермендер алдында өз өнерлерін көрсетті.
Аманжол Зағыпар бастаған Көрермендер «Жас ақындар» сыныбының «Тәуелсіздік бақыты» атты сахналық композициялық қойылымын тамашалады. Айзада Жолдасбаева, Замира Оспанова жетекшілік ететін домбырашылар ансамблі жұртшылықты өз өнерлерімен таң қалдырды. Қобызшылар тобы жетекшісі - Ұлболсын Двесова,жас скрипкашылар - ұстаздары Әлия Темірханова өнерлерімен көрермендерге өз өнерлерін паш етті.  «Нұр шашу» би ансамблі әр ұлттың биін билеп жиналған  жұртшылықтың көңілінен шықты.

«Серілер тобы», Анна Пинженинаның жетекшілік ететін гитарашылар тобы, Алла Руденконың шәкірттері  өнер көрсетті. Біздің мемлекетіміздің басты  жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Біз - Қазақстандықтармыз!

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!  Қазақ мектеп гимназиясының  бес саусақтан өнерлері тамған «Өнер» орталығының,айта берсе сөз жетпейтін іс-шарасы өз мәресіне жетті.














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь