Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Сары алтындай сары күз!

Міне, сары алтын күздің салқын ауасы да сезілді. Барша ағайын қысқы мал-жанының азық-қорегін қамдау үстінде. Әдетте, қысқа қарбалас дайындықпен қатар жүретін күздің өз мерекесі еш ұмыт болып қалған емес. Ырыс мол бол- сын, алған өсім-өніміміз берекелі болғай деп еңбектене тер төгіп тапқан несібесімізге қанағатшылдық танытып шүкіршілік жасап, тәубешілдіктен арылмаған халықтың бірі екеніміз рас. Бәлкім, осы бір барға қанағат жасауымыздан болар барымызды базарлап, әр жылдың күз мезгілін мерекелеп өткізу ертеден қалыптасқан үрдіске айналды. Сол үрдістің жалғасы іспеттес, 19-21 қазан аралығында Баян орта мектебінде «Алтын күз-2016» мерекесі аталып өтті.Оқушылар қойылған талаптарды орындап(оның ішінде концерттік бағдарлама,күзгі композиция,қабырға газеті)әділқазылар алқасының көңілінен шығуға тырысты.Сахнаға шыққан әр сынып бар өнерін ортаға салумен болды. Ақ тілектер де тіленді, әуезді әндер шырқалды, домбыраның күмбірлеген күмбірімен күйлер ойналды, би де биленді.

Шағын орталық бүлдіршіндері де өз өнерлерін көрсетті.






Сонымен қатар 8-11 сынып аралығында КТК ойыны өтті.






Нәтижесінде 8-сынып Жас STAR командасы жеңіске жетті.






Алтын күз мерекесі көңілді өтті. Жыл он екі айда бір айналып келетін сары алтын күздің аты сары болғанмен, заты ырыс-бірлікке, молшылыққа толы емес пе? Ендеше көңіл күйіміз де солай болсыншы ұдайы.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь