Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Мемлекттік тіл –қазақ тілі»

6-сынып.Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ой бөлісу,сурет салу

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,кеспелер,суреттер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер

Пән аралық байланыс:қазақ әдебиеті,сурет,тарих

Қолданылатын технология: сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалау (1 мин)

Шаттық шеңбері (2мин)

Гүлдер ақылы топқа бөлу:(2 мин)

Топ басшыларын сайлау: (1 мин)

Суреттер арқылы топтың атын бекіту(1мин)

ІІ.Сабақты түсіндіру (3ми)

ІІІ.Топтардың жарысы(30 мин)

ІҮ.Сабақты бекіту (3мин)

Ү.Үй жұмысы(2 мин)

Мұғалім сөзі:

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Бүгінгі сабағымыз  оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында 3 топтың жарысы түрінде өтеді.

Жарыс алты сайыстан тұрады: 1. Мақал сөздің – мәйегі. 2. «Өнерлі болу-өмір өзегі»3. Өлең – сөздің патшасы. 4. Сахналық көрініс. 5. Ана тілім – асыл қазынам. 6. Тіл болашағы – жастар қолында.

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

 Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.

Бірінші сайыс «Мақал сөздің мәйегі»  деп аталады. топ  оқушылары шығып мақалдың басын бастаса келесі  топ ойыншылары мақалды аяқтауы тиіс.Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ.

 1-топ1. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады). 2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл). 7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ).

2-топ 1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 5. Тіл қылыштан ... (өткір). 6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 7. Жыланның уы тісінде, адамның ... (уы тілінде).

3-топ: 1. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 2. Тілден артық ... (қазына жоқ). 3.Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). 4. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 5. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 6. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).7. Ой қаруы –тіл,...(тіл қаруы-сөз)

 

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер. – дей келе

Екінші сайыс: «Өнерлі болу -өмір өзегі»

 Туған жер туралы сурет салып,қазақ тілі тақырыбына байланысты «бес жол» өлең құрайды және екеуін байланыстырып қорғайды

Үшінші сайыс«Өлең – сөздің патшасы» Бұл сайыста әр топтан бір оқушыдан шығып Ана тілі жайында жазылған бір өлеңді мәнерлеп жатқа айтып шығуы тиіс.

Төртінші сайыс сахналық көрініс. әр топ тілдің бүгінгі жағдайын бейнелейтін көрініс көрсетеді.

1-топқа: автобустағы жағдай

2-топқа: дүкендегі жағдай

3-топқа:жарнама жариялаудағы жағдай

 Бесінші сайыс «Ана тілім – асыл қазынам»Бұл сайыс

сұрақ-жауап сайысы. 3 топтың білімі сыналады.

 1-топқа: 1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
  2. Абайдың әжесі? (Зере).
  3. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Кел, балалар, оқылық)
  4. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
  5. Күй атасы кім? (Құрманғазы).

2-топқа: 1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

  1. Абайдың туған жылы? (1845).
  2. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
  3. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
  4. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).

3 –топқа: 1. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
  2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
  3. Қазақ халқының тұрмыс салтында қандай жырлар кездеседі? жарапазан,бет ашар, бесік жыры, айтыс, сыңсу,жоқтау,жар-жар т.б

 Алтыншы сайыс «Тіл болашағы – жастар қолында»

Бұл соңғы сайыс .Бұл сайыста эссе жазады .

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Қазақ тілі қай  халықтың  тілі?

2.Қазақ  тілі қандай  тілдер  тобына  жатады?

3.”Тіл туралы  заң” қашан  қабылданды?

4.Тіл  туралы қандай  мақал-мәтелдерді  білесіңдер?

Үй жұмысы: «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» тақырыбына байланысты шығарма жазу. Жарыстың қорытындысы шығарылады. Оқушылар мақтау қағазы мен арапатталады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь