Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Түркістанда тест базары болған жоқ»

 

«Жас Алаш» республикалық газетінің zhasalash.kz сайтында 9 қараша күні Түркістан облысы, Cайрам ауданына қарасты Т.Рүстемов атындағы №2 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Әшірбаева Айсұлу Амангелдіқызының редакцияға жолдаған хаты жарияланған болатын. «Түркістан облысындағы «Тест базары» атты хат облыс әкімі Ж.Түймебаев мырза мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев мырзаға арналған.

«Ең бастысы, тест тапсыруда тәртіп болғанда, тестілеу мерзімінде басталғанда, көшеде тоңбағанымда, «тест базар» ашылмағанда және сұрақ кітапшасындағы қателіктер болмағанда, мен ұлттық тестілеуден өтер едім» дейді тестілеуден өте алмай қалған мұғалім, хат авторы өз мақаласында. Өз хатында А.Әшірбаева Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан тестілеу пунктінде «педагог-модератор» 25 мың теңге, «педагог-сарапшы» 40 мың теңге, «педагог-зерттеуші» 70 мың теңге, «педагог-шебер» біліктілік санаттары 100-130 мың теңгеден саудаланғандығын ашық айтады.

Жарияланған аталмыш мақала фактісі бойынша ҚР БҒМ Ұлттық Тестілеу орталығының Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы филиалының қызметкерлері Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық сотына талап арыз берген. Талап-арызда мұғалім мәртебесін түсіретін аталмыш жалған ақпаратқа тойтарыс беріліп, бұл тестілеуден өте алмаған адамның жала жабуы делінген. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу үшін шектік ұпай жинай алмаған хат авторы Айсұлу Амангелдіқызымен тестілеуді бірге тапсырған мұғалімдер де бұл ақпараттың жалған екендігін растап отыр. Яғни, тестілеу үрдісіне осылайша жала жабу мұғалім мәртебесін төмендетуді көздеген іс-әрекет деп анық айтуға болады.

Сонымен қатар, жауап парағындағы нәтижелерді сараптай келе, автор қате деп көрсеткен 15, 55, 60, 62 сұрақтар апелляциялық комиссия тарапынан дұрыс деп танылған. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алуға үміттенген А.Әшірбаева берілген 100 сұрақтың 69-ына дұрыс жауап берген. Оның ішінде өз пәні бойынша 70 сұрақтың 53-іне ғана жауап беріп, «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу үшін шектік ұпай жинай алмаған.  

Жалпы республикалық апелляциялық комиссияның жоғары санатты сарапшылары тарапынан тестілеуде пайдаланылған сұрақтардың дұрыс жасалғандығы туралы қорытынды берілген.

Естеріңізге сала кетейік, педагогтардың ұлттық біліктілік тестілеуі ағымдағы жылғы 3-5 қараша аралығында өткен болатын. Шымкент қаласы бойынша тестілеуге 4719 педагог адам қатысып, оның ішінде 3103-і шектік деңгейден өткен. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында орналасқан тестілеу пунктінде өткен тестілеуге 1758 мұғалім қатысып, оның 1086-ы тестілеуді сәтті тапсырып шықты. Атап өткен жөн, тестілеудің барлық талаптарға сәйкес өтуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері тарапынан бақылау жасалды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь