Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

«Елім деп соғар жүрегім!» атты ашық тәрбие сағаты

Бүгін мектебімізде 2 сынып және 10 сынып бірлескен «Достық» шаңырағында «Елім деп соғар жүрегім!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатымен өткен тәрбие сағаты сайыс түрінде өткізілді. Сабақ психологиялық ахуал туғызудан басталып, сурет таңдау арқылы екі командаға бөлінді. Сайыс барысы үш кезеңнен құрылды. Бірінші «Кім тапқыр?» сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру. Екінші кезең «Ойлан тап», мұнда ұяшықтарды таңдап, ашылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау. Және үшінші кезең «Сөзтапқыш» жасырын сөзді бейнелеп көрсету болды. Әр кезеңі Қазақстанның Тәуелсіздік алған уақытынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі оқиғаларға байланысты болды. Оқушыларға сабақтың қатты ұнағандығы оларды белсенді қатысуынан байқауға болды.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь