Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жастар, жастар үшін

2023 жылдың 2 наурызында аудандық жас педагогтар қауымдастығының іс-шарасы аясында «Ефимовка НМ» КММ-де «Жастар, жастар үшін – We are together» атты жас мұғалімдерге арналған семинар өтті. Семинарға ауданымыздағы он мектептің өкілдері қатысты. Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды. Педагог психолог Басистова Алина Олеговна жас мұғалімдермен «жақсы бастама...» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренингке қатысушылардың барлығы сергектіктің, позитивтің және энергияның таңғажайып қуатын алды. Семинарға қатысушылар үшін «Ефимовка НМ» КММ нің жас педагогтары  ашық сабақтар көрсетті. Каиыржан Динара Амандыковна ағылшын тілінен 5-сынып оқушыларымен «Home and garden  2» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мукашев Мерейхан Ерікұлы 9-сыныпқа «Алаш қозғалысына – 100 жыл» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Кондратьева Лариса Михайловна «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтардағы заманауи жұмыс жасау әдістері» атты қызықты коучинг өткізді. Бағдарламаның қорытынды бөлімінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даутбаев Кайрат Аскербекович қонақтарға «Дебат қозғалысы оқушылардың  оқу мотивациясын және білім сапасын арттыру құралы ретінде» атты тақырыпта  қатысушыларды қызықтырған шеберлік сабағын өткізді. Семинар мазмұнды, жайлы әрі іскерлік  көңіл-күйде өтті. Семинарға қатысушылар өздеріне үлкен кәсіби ләззат пен жұмыс істеуге деген зор ынта сонымен қоса өз қоржындарына көптеген қызықты идеяларды ала кетті.







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь