Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мектептегі экология апталығы

Адамның табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның өте өзекті мәселесі болып табылады. Жыл сайын оқушыларымыз экологиялық білім деңгейін кеңейтуде.

2023 жылдың 3 сәуірінен бастап мектебімізде облыстық экология айлығы аясында экология апталығы өтуде. Осы уақыт аралығында түрлі іс-шаралар өткізілді.

Апта басында суреттер көрмесі өтті. Биология және химия пәнінің мұғалімі Зенченко Л.В. жетекшілігімен 5А, 5Б, 5В және 6Б сынып оқушылары белсене қатысты.

Мектеп кітапханасында «Сүйе біл, бағалай біл, қорғайық!»экология айлығына арналған атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар таңдаған әдебиеттерді қызығушылықпен оқыды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі энциклопедиялары, экология мен қоршаған ортаны қорғауға арналған ғылыми кітаптар, сондай-ақ ақындардың табиғат сұлулығы мен ұлылығын жырлаған көркем әдебиеттер ұсынылды.

Сондай-ақ 6Б сыныбында «Брейн-ринг» атты ашық іс-шара өтті. Сыныптағы әрбір оқушы тапқырлық пен ептілік танытты. Шараны география пәнінің мұғалімі Е.М.Лысенко ұйымдастырды.

10 сәуір мен 12 сәуір аралығында 7 сыныптар арасында Экологиялық викторина өткізілді. Викторина онлайн болды. Әрбір студент өзіне ыңғайлы уақытта қатыса алады. Марапаттау және қорытынжы шығару сейсенбі, яғни 18 сәуірде өткізілді. Викторинны биология пәні мұғалімі Муратова Н.Т. өткізді.

Экология айлығы сәуір айының соңына жалғасады және  Отанымыздың табиғатын сақтауға арналған түрлі іс-шаралар жоспарланған.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь