Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Ұстаз – 2023» аудандық спартакиадасы

 Спорт - әрбір адам үшін

өзін-өзі жетілдірудің мүмкіндік көзі.

 (Пьер де Кубертен)

 2023 жылдың 22 сәуірінде Саумалкөл ауылында өткен аудандық «Ұстаз – 2023» спартакиадасына «Ақан мектеп – бөбекжай –бақша кешені» КММ командасы қатысты.  Ұстаздар спартакиадасы жыл сайын өткізілетін іс-шараға айналған болса, биыл бағдарламаға волейбол, үстел теннисі, дартс, асық ату, бес асық сынды спорт түрлері енгізілген.

Біздің кешеннің педагогтары келесі спорт түрлері бойынша өнер көрсетті:

Дартс-кешен директоры: Распаева Гулинара Есламовна,

Бес асық – Бастауыш сынып мұғалімі: Капарова Нургуль Серсенбаевна,

Асық ату – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Есметов Төлеубай Тлегенұлы,

Үстел теннисі – Кешен директоры: Распаева Гулинара Есламқызы,

Үстел теннисі – АӘжТД оқытушы – ұйымдастырушысы: Сериков Асылхан Жазитович.

Ұстаздарымыз үстел теннисі (әйелдер) және асық ату сияқты спорт түрлерінен біраз жетістіктерге жетті.  Мұғалімдер өздерінің белсенділіктерімен, көңіл-күйлерімен ең бастысы жеңіс емес екенін тағы бір дәлелдеді.

Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға көңілді және пайдалы уақыт өткізу атмосферасын жасағаны үшін алғыс айтқымыз келеді.  Ал келесі жылы біздің спортшылар жеңіске жетеді деген үміттеміз.

 БҚҰ төрағасы – Пичикова Ю.В.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь