Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Педагог қызметкерлерін 2023-2024оқу жылында марапаттауға ұсыну туралы

"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ-нің

 2023 жылғы «4» қыркүйектегі

№ 2 кіші педагогикалық кеңесі  хаттамасының көшірмесі.

Күн тәртібі:

  1. Педагог қызметкерлерін 2023-2024оқу жылында марапаттауға ұсыну туралы

 

   ТЫҢДАЛДЫ: Мектеп директоры міндетін атқарушы А.Ргебаева.

                              Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ахмет Тания

            Мектеп директоры міндетін атқарушы А.Е. Ргебаева сөзінде: Нугуманова Агайша  Коспановна Новоишим қазақ орта мектебінде 2006-шы жылдан бастап математика мұғалімі болып жұмыс істейді.  Педагог – зерттеуші санаты 2018 жылы берілді.  

Ағайша Қоспанқызы – тәжірибелі, өз ісінің шебері атағына лайық шығармашыл  ұстаз. Көп жылғы нәтижелі еңбегі жолында педагогикалық жаңашылдыққа құштарлығымен оқу үдерісі формаларын жандандыруда үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы  оқушылардың дербестігі мен шығармашылық бастамасын ынталандырады.  «Қорытынды аттестаттауға, ҰБТ мен ОЖСБ-ға сапалы дайындық үшін мұғалімдер қолданатаын формалары мен әдістері» аудан көлемінде өткізілген семинарларда шебер –сыныптарымен  тәжирібесімен бөлісуде.  Жаратылыстану-математика бағытының жоғарғы сыныптарына арналған электрондық оқулығын әзірледі.  Мұғалімнің үздік сабақ әзірлемелері, сыныптан тыс шаралары «Физика және астрономия – Физика и астрономия»  республикалық педагогикалық ғылыми - әдістемелік журналында,  www.  ustaz. kz  сайтында  жарияланған.

Ағайша Қоспанқызының оқушылары Назарбаев интеллектуалды мектебі мен «Білім-инновация» лицейіне, Республикалық «Айқанат» мектебіне түсуде. Жыл сайын оқушылары аудандық, облыстық , республикалық олимпиада жүлдегерлері: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VI Республикалық «Ясауи» пәндік Олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом және грант иегері, КБТУ республикалық пәндік олимпиадасының  1орын, 3орын  сертификат  иегерлері. 2023 жылы 6- сынып оқушысы  «Мың бала ұлттық олимпиадасы» қорытындысы негізінде Республикалық  физика- математика мектебіне жолдама жеңіп алды.  

Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ахмет Тания  сөзінде: Мұғалімнің түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуде тұрақты сапа көрсетіп келеді: орташа балл 2014 жылы – 13, 2016 жылы - 13,8; 2018-14; 2020-2021 жж - 20,2 .  «Алтын белгі» иегері  - Байтас Ержан. , Байтас Диас.  Мұғалімнің жолын куған түлектер де аз емес.

2020 – 2021 оқу жылы «Онлайн мектеп» «Bilimland» онлайн мектеп платформасында «Үздік ұстаз» атанды.

Ағайша Қоспанқызы  «Бірлік» этно-мәдени орталығының мүшесі ретінде ұлттық салт-дәстүрді, халық педагогикасын насихаттау ісіне өзінің зор үлесін қосып келеді, аудандық, облыстық іс-шараларға белсене қатысады.   Осы елеулі еңбектері үшін педагог облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен (2014 ж.), аудандық білім бөлімінің грамотасымен (2012 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен (2016ж)  марапатталған

Ол әріптестері, оқушылар мен ата-аналар арасында беделді, абыройы өте жоғары.

ҚАУЛЫ  ЕТТІ:

Математика пәні мұғалімі Нугуманова Агайша Коспанқызы  «Еңбек ардагері» медалімен марапаттауға  өтінім  жіберілсін.

 

Төраға / Директор м.а/:                   А.Ргебаева,  

 

                                               Хатшы:                                             Г. Карлыбаева              


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь