Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Отбасы күні

Отбасы-кез-келген қоғамның басты құндылығы. Ол мемлекет өмірінде, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Отбасы күні адамгершілік пен руханиятты нығайтуға ықпал етеді. Мереке жалпыхалықтық сипатқа ие болды және жыл сайын жаңа дәстүрлермен байытылады. Қазақстандық отбасы күнін мерекелеу қарсаңында 8 қыркүйекте Казанка орта мектебінде "Отбасы - бақыт мекені" атты салтанатты жиыны өтті, оның мақсаты оқушылардың туыстары мен жақындарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін, өз отбасына деген мақтанышын, әртүрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын тәрбиелеу болып табылады. Жиынға отбасылары он жылдан астам өмір сүрген мектеп қызметкерлері, сондай-ақ көпбалалы отбасылар шақырылды. 5-сынып оқушылары отбасылық құндылықтар туралы өлеңдер мен әндер дайындады. Естелік сыйлықтар табысталды. Сондай – ақ бастауыш сыныпта "Отбасы-бақыт мекені"тақырыбында сынып сағаттары өтті.
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь