Кішкенекөл қазақ мектеп гимназиясында 14 ақпан күні қамқорлық акция аясында мектеп ұжымы атынан балаларға қайырымдылық дастарханы жасалды. Оқушылар тегін тəтті тоқаштар мен жемістерді татты. Жақсылық қылсаң балаға, Бір қайырымын аларсың, Адамгершілік танытып, Дұрыс жолға саларсың. Қолыңда бар да көмек ет, Тарыққан жанға ағайын. Қол үшін бер, демеу ет, Алладан болсын сауабы!