Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

7-мамыр - Отан қорғаушылар күні

  7 мамыр  - Отан қорғаушылар күніне арналған

 «Отан деп соқсын жүрегің»

                    атты іс-шараның өту жоспары

Дайындаған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Хозина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              2015-16 оқу жылы

                                  Отан деп соқсын жүрегің

 

Мақсаты:  оқушылардың бойына патриоттық сезімін ұялату

Өту барысы:

  1. Кіріспе сөз
  2. Келген қонақтармен таныстыру
  3. Мектеп директорына сөз
  4. Марапаттау
  5. Концерттік бағдарлама

1-ж:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараны бастамас бұрын мектебіміздің қонағымен таныс болыңыздар:

  1. Мектебіміздің ардагер ұстазы, зейнеткер

Рамазанов Әлібек Кәсембайұлы

  1. Отанын қорғап, күні-түні қызметін шекарада өткізіп жүрген ата-анамыздың бірі Кудренова Жанар Ғалымжанқызы

2-ж:

Бүгінгі іс-шарамызды бастау үшін сөзді мектеп директоры

Шегебай Мәруарұлы Нұрғожинге береміз.

1991 жылы өз Тәуелсіздігін алған мемлекетіміз 5 үлкен мемлекеттермен шекаралас болса, сол шекараны көз ілмей күзету Отан қорғаушылардың тікелей міндеті, Отан алдындағы борышы. Ол үшін елімізге жеке әскер қарулы күштер керек болды. Сондықтан 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Содан бері бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні, яғни  — Отан қорғаушылар күні деп есептеледі.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери округке бөлінді.

Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

         Өз алдына жеке дербес қарулы күштері бар Қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын.   Ашық аспанда бейбітшілік құстары қалықтай берсін.  Мерекелеріңіз құтты болсын!                               

2-ж:

Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында  елінің тыныштығы үшін, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиған аталарымыздың рухына  тағзым ету біздің міндетіміз. Бүгін қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың  рухтарын асқақтататын күн.

1-ж:

Ендеше бейбіт өмір үшін жан қиған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Үнсіздік

 

1-ж:

Келесі құттықтау сөзді бүгінгі кешіміздің қонағы 

Рамазанов Әлібек Кәсембайұлына береміз.

Сөз кезегін Жанар Ғалымжанқызына береміз.

2-ж:

Бүгінгі осындай салтанатты сәтті пайдаланып мектеп директорының марапаттамасына кезек берейік:

  1. Өзінің әскери борышын Кеңес үкіметі кезінде өтесе де жүрегі Елім деп соғатын Отанының патриоты, география пәні мұғалімі

Тургунов Құрмаш Сұрағанұлын ортаға шақырамыз.

1-ж:

Мектептің шаруашылық меңгерушісі

Нукебаев Ерлан Халелұлын ортаға шақырамыз.

 

Отанды қорғау  еліміздегі әрбір азаматтың міндеті. Адам батыр болып тумайды. Батырлыққа жетелейтін адамның іс-әрекеттері. Отанын сүю, халқын сүю арқылы Отанын қорғай алады. 

«Әлия» орындайтын  Исенова Динара

2-ж:

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасіреті  қайсы десек, ол -  Екінші дүниежүзілік соғыс еді. Себебі оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды.

Нұрғалиева Әселдің орындауында «Ана туралы баллада» әнін қабыл алыңыздар

1-ж:

Сол кездегі КСРО үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс 1418 күн мен түнге созылды және әр 6 секунд сайын 1 адам опат болып отырған екен.

«В землянке» орындайтын Ақберген Дәуренбек

2-ж:

Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамды соғысқа шығарып салған. Статистикаға жүгінсек жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткен.  Ал қалғандары ұрыс даласында қалған. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

 

1-ж:

30 сәуір, 14 сағат 25 минутта рейстах төбесіне  ту тігілді. Жеңіс Туын желбіреткен  жауынгерлердің бірі жас қазақ Рақымжан  Қошқарбаев еді. 1945 жылы 8-мамырда Берлин қаласының маңындағы Карлехорст қаласында Германия  қарулы күштер одақтастары алдында тізе бүгу жөніндегі актіге қол қойылды. Жеңіс күні – 9 мамыр деп бекітілді. Осы Жеңіс күні талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болып келе жатыр.

«Жеңіс күні» орындайтындар 10 сынып оқушылары және Ибраев Сұлтан

 

2-ж:

Ұлы Отан соғысы  жылдары Қазақстан КСРО-ның құрамында болса,  қазіргі кезде өз алдына тәуелсіз ел. 25 жылдық Тәуелсізідк тарихы бар Қазақстан 5 мемлекетпен шекаралас.  Анықталып бекітілген шекарасын күні-түні көз ілмей қорғайтын өз әскерлері бар.

 

1-ж:

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды.

7-мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

2-ж:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

 

1-ж:

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Мұғалімдердің орындауында күй «Келіншек»

 

2-ж:

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен,  Бекжанова Анель мен Ғабдула Жаңылдың орындауында

Ән «Кестелі орамал»

 

1-ж:

Құрметті  Отанын қорғап келген ер азаматтар, болашақ Отанымызды қорғаушылар!

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Турканова Толғанайдың орындауында ән «Сарбаздар»

2-ж:

24 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Еліміздің тыныштығы сақталып, бейбітшілік бұзылмасын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән «Атамекен»

(Қолдарына жалаушалар ұстап бәрі ортаға шығады)






 

 

 

 

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь