«Мемлекеттік аттестаттау: бақылаудың тиімді механизмі ме, әлде арбаның бесінші доңғалағы ма?» атты мақаламен танысып, келесідей пікір айтамыз.
«Асқар Игібаев атындағы орта мектеп» ұжымы пікірінше мемлекеттік аттестаттау мектептер үшін қажет. Жалпы мектептегі білім сапасының бесжылдық қорытындысы ретінде білім беруге қатысушылар үшін маңызды. Мектеп ұжымы аттестаттауға дайындық барысында бар іс-құжаттарды жүйелеп, ретке келтіреді. Мұғалім болса, әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық қабілетіне баға бере алады. Ата-ана тарапынан баласының оқып жатқан мектебі мәртебесін айқындауға сеп болады деген ойдамыз. Осы жұмыстарды атқару барысында оқушылардың нақты білім сапасы анықталады деуге болады. Соңғы жылдары мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер, оған қоса ата-аналар және қоғам мектеп мәртебесін көтеру үшін ат салысып, жол табуды көздеуде. Сонымен қатар жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысына өзгеріс енгізу керек сияқты.
Посмотреть новость на сайте учреждения