В Дубровинской средней школе состоялось обсуждение о переводе казахского языка на латиницу
Тарихымыз таңба басқандай
«Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»
Нұрсұлтан Назарбаев
Еліміз көркейіп, жеріміз кеңейіп, пейіліміз көкке көтеріліп жатқан заманда, өмірі ағымы мен заман талабына сай мемлекетімізде бірқатар ауқымды істер атқарылып жатыр. Оның барлығы кемеңгер басшымыздың көрегендігімен жасампаздығынан болса керек. Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған стратегиялық жоспардың іске асып жатқаны барша қазақстандықтарды ғана емес, барлық әлемді таңқалдырмай қоймайды. Елбасымыздың өнегелі саясатының арқасында еліміз гүлденіп биікке шықты. Қазақ жұртшылығын барша әлемге паш етті. Сайып қыран төсінде егемендігіміздің арқасында елімізде көптеген өзгерістер болып жатқаны барша халықты таң қалдырмай қоймайды деп ойлаймын. Ақ кеменің үстінде еліміз өзінің таза және өткір тілімен танылды. Тарих саңылағында түрткі болған қазақ жерінің сайып қырандары, бүгінгі күні ел тарихында ақ парақтың бетінде сақталып отыр. Барша халықты өз құшағына алып, кең пейілділік пен мейірімділіктің арқасында қазақстан елі өзінің Тәуелсіздігін айқындады өзінің мықты мемлекет екендігін дәлелдеді. Жас мемлекеттің аз уақыт ішінде ауыз толарлықтай болып жатқан өзгерістер, ол еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс.
Қазіргі уақытта заман ағымына, өмір талабына қарай қазақ жазуында
қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесі қолға алынып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Ежелгі тарихымызға арқау болған, Орхон-Енесей ескерткіші ол өзіміздің төл тарихымыз, келешегі кемел Қазақстан үшін маңызды саясаттарының бірі деуге болады. Латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуға мол мүмкіндік болады. Сондай-ақ, латынға көшу кезінде біз өзіміздің ана тіліміздің таза табиғи қалпын сақтап, жоғары дәрежеге шығуына жол ашары анық.
Елбасының көрегендігі мен ұшқыр саясатының арқасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында ұйып, терезесі тең болып, Тәуелсіз еліміздің сарқылмас достығы, бірлігі, ынтымағы сақталып отыр. Ұлттық салт-дәстүріміз, мәдениеттілігіміз, тіліміз және музыкамыз, әдебиетімізді келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болатындай етіп жеткізе отырып тәрбиелеуді, ұлттық рухымызды бойымызға мәңгілік сақтау бүгінгі күннің еншісінде.
Елбасының өнегелі және кемеңгер саясатының арқасында жеткен жетістіктерді барша әлем жұртшылығы бір ауыздан қолдап отырғаны шындық. Достық пен бірліктің, ынтымақ пен ерік-жігердің арқасында біздің қазіргі уақытта саяси тұрғыдан қолға алынған әр мәселенің өмірде өз орны ерекше.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Бұл тарихтың басы 1926-1929 жылдардан бастап ой-пікірлер бастау алғаны белгілі.
Қазақ тілі білімінің тарихына көз салсақ 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен болатын. Сөйтіп 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болғанын тарих айғақтады.
Енді осы тарихымызды жаңғырту жолында бүгінгі күні қайта қолданысқа еніп отыр.
Бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясаты болашаққа нақты қадам деп айтуға болады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсем, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей нақты нық қадаммен алға басайық!
Мамлют ауданының С.Г. Гуденко атындағы
Дубровное орта мектебінің директоры
Т.С. Қостаева



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии