Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

#руханижаңғыру #алғысайтукүні "Астана аруы"

#руханижаңғыру #алғысайтукүні "Астана аруы" 🌸байқауына 5-10-сыныптардан 11 қыз 👧қатысты. Бірінші жəне екінші кезеңдер сырттай өткізілді: 1-кезеңде алғыс күніне арналған бейнероликтері 📱бағаланса, 2-кезеңде 8-наурызға арналған қабырға газеттері🎨👩‍🎨 бағаланды. 3-кезеңде қатысушы қыздар Астана туралы əн айтып🎼🎵🎶👩‍🎤, мəнерлеп өлең оқыды. 4-кезеңде Астана тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру📃 керек болса, 5-кезеңде сурет бойынша Астананың көрнекті жерлерін🗽🗼 3 тілде🇰🇿🇷🇺 🇺🇸атау керек еді. Ал соңғы 6-кезеңде қатысушы ару қыздар жасырынып тұрған тақырыптардан біреуін таңдап, шектеулі 30 секунд уақытта ⏳⌛өз шешендік өнерлерін көрсетті. Шешендік өнер кезеңіндегі тақырыптар: Мағжан Жұмабаев, Астананың 20 жылдығы, Аққайың ауданының 90 жылдығы, мемлекеттік рəміздер, туған жерім-Қазақстан, менің ауылым жəне т.б. Байқау нəтижесі бойынша орта жəне жоғары буындардан екі жеңімпаз🏆🏆 анықталды: 5-сынып оқушысы Бейсенова Жансая мен 10-сынып оқушысы Мағуя Жібек. Байқауға қатысқан əрбір ару қыз түрлі номинациядағы дипломдар жəне сыйлықтармен марапатталды. Жарайсыңдар, қыздар!



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь