Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Студенттермен кездесу

    11 қаңтар күні мектебімізде мектеп түлектерімен кездесу кеші өткізілді. Алтын ұясынан қанат қағып кеткен әр түлектің мектеп ұжымы үшін орны бөлек. Кездесу кешіне осы мектептен түлеп ұшып, қазіргі уақытта Астана, Петропавл, Көкшетау қалаларының жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттер қауымы қатысты. Атап айтқанда, Құрмаш Мархаба, Құрмаш Дәулет, Асхатова Айғаным, Сарсекова Махаббат, Қайыржанова Данагүл, Ақжігітова Ажар, Абдөшева Гүлдана, Баймағанбетова Махаббат, Мадиева Сағыныш, Қуанышева Жанель сияқты болашаққа біліммен ұмтылған студент жастар өздерінің мамандықтарының қыр-сыры мен жетістіктері жайында да айтып өтті. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері Ақжігіт Ажар мен Құрмаш Дәулет мектеп кітапханасына « Манаш Қозыбаев» атты энциклопедиясын сыйлады.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь