Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Оспанов Тұрлыбек Темірғалиұлын еске алуға арналған Қазақстан тарихы және өлкетану пәндері бойынша аудандық олимпиада

Ақпан айының  20 күні Бидайық орта мектебінің қабырғасында, ауданымыздың беделді болған азаматы, Кішкенекөл №2 мектеп – интернатының басшысы Оспанов Тұрлыбек Темірғалиұлын еске алуға арналған Қазақстан тарихы және өлкетану пәндері бойынша аудандық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға ауданымыздың 15 мектебі өз өтініштерін беріп, белсене қатысты. Аудандық олимпиаданың құрметті қонақтары болып аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Талант Қабылқақұлы мен қатар Тұрлыбек Темірғалиұлының аудандық мәслихат атынан әріптестері Егімбаева Күляш Нағымжақызы мен Сайткен Медет Нұрғалиұлы белсене ат  салысты.

Іс – шара Бидайық орта мектебінің мұражайына экскурсиядан басталды.Олимпиаданың негізгі ережелеріне сәйкес оқушылар «Үздік мектеп мұражайы»,  «Ауылым – алтын бесігім» және  «Тестілеу» секциялары бойынша өз білімдерін сынады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 – орынды Өндіріс орта мектебінің жас тарихшылары иеленсе, 2 – ші орынға Чехов орта мектебінің оқушылары қол жеткізді. Олимпиаданың чемпиондары,  аудандық Қазақстан тарихы және өлкетану пәндерінің Оспанов Тұрлыбек Темірғалиұлын еске алу олимпиадасының кубогының жеңімпаздары болып Ельтай орта мектебі атанды. 





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь