Еліміздің болашағы –Елбасымен бірге
Еліміздің болашағы –Елбасымен бірге
Астанада 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өткізілді. Кезекті съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып өткізілді. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасы талқыланды. Алдағы онжылдыққа ұсынылған партияның бұл бағдарламасы Елбасының елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді
қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көтерген бастамалары ең алдымен ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға негізделген. «Нұр Отан» партиясының бұл съезі еліміздің әлеуметтік саясатына жаңа серпін берді. Осы жаңа бастамалардың партияның съезінде көтерілуі кездейсоқ емес, өйткені «Нұр Отан» партиясы халықтың партиясы екенін дәлелдеді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шараларды үкімет қысқа мерзімде сапалы орындауы қажет. Бұл міндеттердің орындалуына қомақты қаржы бөлу тапсырылды. Міне, осы қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы үшін партия мен қоғам тарапынан міндетті түрде бақылау болуын тапсырды. Бақылап, қадағаланған жағдайда ғана Елбасының әлеуметтік бастамалары аяғына дейін сапалы жүзеге асатынына мүмкіндік болады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии