Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Асқар Мамин елорданың шеткі аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты

Тексеру жұмыстары Қабанбай батыр орталық қала магистралінде жалғасты, онда даңғылды кеңейту перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, Асқар Мамин Астана қаласы мен Ақмола облысының шекарасында тұратын азаматтардың баспана жағдайларының дамуымен танысты. "Ильинка" тұрғын алабында дәрігер амбулаториясы мен №6 мектеп тексерілді, премьер-министр осылардың мысалында елорда маңындағы аудандардың білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің сапасымен танысты. Өз кезегінде, Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин "Қараөткел" ауылын Астана қаласының теңгеріміне беру үдерісі туралы, Қоянды кентін дамыту және Целиноград ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын іске асыру жөнінде баяндады. Мұнда халықты су деңгейінің көтерілуінен қорғау мақсатында бөгет салу және "Ильинка" кентінен шығыс жаққа қарай орналасқан жеке тұрғын үйге инженерлік желілер жүргізу мәселелері қаралды. Іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі - қала төңірегіндегі жол айналмасын тұйықтайтын "Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы" магистральді трассасын салу. Бұл қала арқылы транзитпен өтетін, елорданы айналма жолмен өтетін автокөлік құралдарының ағынын бағыттауға мүмкіндік береді. "ҚазАвтожол" АҚ ақпаратына сәйкес, айналып өтетін жол тегін автомагистраль болмақ. Сонымен қатар, "Байқоңыр" ауданындағы "Өндіріс" алабы, атап айтқанда 120 бала білім алатын балабақша – №12 бастауыш мектеп тексерілді. Премьер-Министрге білім беру саласындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Сонымен қатар, жалпы аудан инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде жол-көлік инфрақұрылымын дамыту келешегі, бірқатар көшені кеңейту және инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Елорданың шеткері аймақтарын аралаудың соңында Асқар Мамин "Қоянды" ауылында тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу барысымен танысты. Елді мекенде медициналық қызметтерді сапалы ұсыну мақсатында 2500 адамға шақталған отбасылық денсаулық сақтау орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында орта мектеп салынып жатыр. Аталған жоба 1200-ға жуық оқушыға білім беруге мүмкіндік береді. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана, Ақмола облыстарының әкімдеріне және тиісті министрліктерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь