Бүгін яғни 15 наурыз күні қарсаңында №7 орта мектепте Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойладық. Мерекеге қалалық оқу бөлімінің әдіскерлері Темірбаева Гаухар Жұмабекқызы мен Қожахметова Ұлжан Уәлиқызы қонақта болды. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе- ренештерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.


Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! дегендей Наурыз мерекесінде оқушыларымыз қазақтың салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті. Соның ішінде «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдері өте жоғары деңгейде өтті. Кеште Қыдыр ата, Тазша бала болды. 5 сынып оқушылары арасында жәрмеңке өткізілді.


Посмотреть новость на сайте учреждения