Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Наурыз-Думан

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету..Осы мақсатта 20 наурызда Чернигов орта мектебінде мерекелік іс –шаралар өтті, мектеп іші безендіріліп,ата-аналар көрме ұйымдастырды.Мерекелік іс-шарада балаларға қазақтың салт-дәстүрі көрсетілді. ұлттық ойындар ойнатылды. Халық даналығында «жаңбырменен жер көгереді,батаменен ел көгереді» дегендей ұлыстың ұлы әр шаңыраққа кіретін Қыдыр Ата елімізге тыныштық,береке-бірлік тілеп,оң батасын берді.Осылайша Наурыз мейрамынан рухани нәр алып,барынша көңілденіп,ойын-сауыққа бөленіп қалды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь