🔰 «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет» Б. Момышұлы 2025 жылдың 18 желтоқсан күні қазақ халқының даңқты қаһарманы, терең ойлы қаламгері, ұлтжанды тұлға Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Халқының дана да дара тұлғасы» атты онлайн форматта ғылыми-практикалық конференция өтті.
🔰 «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет» Б. Момышұлы
2025 жылдың 18 желтоқсан күні қазақ халқының даңқты қаһарманы, терең ойлы қаламгері, ұлтжанды тұлға Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Халқының дана да дара тұлғасы» атты онлайн форматта ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шара Бауыржан Момышұлының қоғамдық, тарихи және әскери-патриоттық рухтағы әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, оның тағылымы мол, рухани азық боларлық шығармаларын өскелең ұрпаққа өнеге ету, сондай-ақ тәрбие үдерісіне тиімді енгізу мақсатында ұйымдастырылды.
Конференцияға 30-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Конференция барысында батыр жазушының шығармаларының отандық білім беру жүйесіндегі маңызына ерекше назар аударылып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, әділеттілікке, елжандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі құнды еңбектерін ұтымды қолдану жолдары талқыланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии