Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

⚜️ «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

⚜️ «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында 5-6 сынып оқушылары үшін білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған "Болашақ ұрпақ" жобасын іске асыру аясында шығармашылық топтың мүшелері, әдіскерлер, педагогтердің қатысуымен "Жасанды интеллект негіздері және білім беруде қолдану мүмкіндіктері" атаулы семинар өткізілді. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және PISA халықаралық зерттеуінің талаптарына сай қазақ және орыс тілдері, математика, тарих, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша функционалдық сауаттылыққа, сыни ойлауға бейімдеу мақсатында 2025-2029 жылдар арасында 5-6 сынып оқушыларына арналған жоба жүзеге асырылмақ.
Жобаның негізгі мақсаты - оқушылардың жасанды интеллект негіздерін игеруі және оны әртүрлі пәндік салаларда қолдануы үшін жағдай жасау, сондай-ақ оқытуға цифрлық құралдарды интеграциялау саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары, оны оқу қызметінде қолдану мысалдары және пәнаралық интеграция мүмкіндіктері қарастырылып, келесі кездесулерге арналған ұсыныстар берілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь