Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

📌 22 қаңтар күні «Шамшырақ» пен «Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастықтары онлайн форматта бас қосып, бүгінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

📌 22 қаңтар күні «Шамшырақ» пен «Руханият» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастықтары онлайн форматта бас қосып, бүгінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында білім беру үдерісіндегі жасанды интеллект пен цифрлық трансформация, авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ облыстық «Тіл мұрасы» жобасының жүзеге асу барысы сөз болды.

🔹 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына орай, жиында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді қолдану жолдарына ерекше назар аударылды. Педагогтер авторлық бағдарламаларды әзірлеудің негізгі талаптарымен танысып, оқу-әдістемелік құралдардың құрылымына қатысты пікір алмасты және «Тіл мұрасы» жобасы аясындағы тәжірибелерімен бөлісті.

✨ Бұл кездесу мұғалімдер үшін кәсіби тәжірибе алмасуға, цифрлық құзыреттілікті арттыруға және заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс жүргізуге жақсы мүмкіндік болды. Осындай пайдалы әрі мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь