Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Қауіпсіздік - теория емес, өмірлік дағды.

🔰  Қауіпсіздік - теория емес, өмірлік дағды. Осы ұстанымды оқушыларға тереңірек түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс-шара өткізілді.
Осы бастама шеңберінде Алтынбек Абдрахманов атындағы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД №5 жаңа өрт сөндіру бөліміне 30-ға жуық оқушы танымдық экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында білім алушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, заманауи техника мен арнайы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерін өз көздерімен көрді. Сала мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары, өрт қауіпсіздігі талаптары және адам өмірін сақтаудағы жауапкершілік жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
Аталған іс-шара оқушыларға қауіпсіздік пен тәртіптің маңызын түсіндірумен қатар, оларды батылдыққа, жауапкершілікке және саналы әрекетке тәрбиелейтін мәні зор кездесу болды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь