Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

⚜️2026 жылғы 19 ақпанда КМҚК «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» қабырғасында өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары мен жас педагогтер бас қосты.

⚜️2026 жылғы 19 ақпанда КМҚК «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» қабырғасында өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары мен жас педагогтер бас қосты. Іс-шараның тақырыбы — «Адал азамат»: адал азаматтарды тәрбиелеу арқылы болашақ қоғамды қалыптастыру».

Іс-шараның мақсаты – жалпыұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, еліне адал, еңбекқор әрі жауапты, нағыз патриот азаматтарды тәрбиелеу.

Семинар барысында тәрбиелік жұмысты жүзеге асырудың практикалық қырларына ерекше көңіл бөлінді. Спикерлер заманауи интерактивті форматтағы инновациялық тәжірибелерімен бөлісті. Іскерлік ойын арқылы қазіргі педагог заман талабына сай болуы үшін дамытуы тиіс негізгі құзыреттер талқыланды. Шеберлік сыныптарында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Ал сабақ үзінділері практикалық бағыттағы тәсілдің оқыту үдерісін қызықты әрі мазмұнды ететінін айқын дәлелдеді.

Сондай-ақ, білім беру үдерісін жандандырып, жекелендіруге мүмкіндік беретін цифрлық технологиялар да назардан тыс қалмады. Семинар «Сұрақ–жауап» форматындағы ашық пікірталас алаңымен қорытындыланып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында колледждің материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь