Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Оқу эвакуациясына флешмоб

                 2017 жылдың 22 қыркүйек күні  Новоишим қазақ орта мектебінде жылыту маусымы кезіңде өрт қауіпсіздігін сақтау және балалардың отпен ойнауын алдын алу мақсатында  оқу эвакуациясы өтті.

 Бұл іс шара Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ТЖ /төтенше жағдайлар/ бөлімінің қызметкерлердің бастамасымен  ұйымдастырылды. АӘД педагог-ұйымдастырушысы Т.Жабагин мектеп оқушылармен,  мектеп әкімшілігіне нұсқаулық өткізіп,  іс шара өту кезіңде үрейді болдырмау мақсатында әрбір аумақ бойынша жауаптыларды  тағайындады.

                 Осы  іс-шараның ұйымдастырылып өтуіне  11 сыныптар да  жауапты болды. 11А және 11Ә сыныптар отрядтарға бөлініп, өздерінің бекеттеріне тұрғызылған болатын. Өрт дабылы соғылғанда барлық  сыныптар және мектеп қызметшілері мектептен  шығу есігіне үрейсіз беттеді.

                 Мектеп оқушылары мектептің алдына сапқа тұрғаннан кейін АӘД педагог-ұйымдастырушы Т.Жабагин мектеп директорына баянат тапсырды. Мектеп директоры оқушыларға іс шараның өту мақсатын түсіндіріп өтті. Іс шараның  соңында 11 сынып оқушылары флешмоб  билеп, өрт қауіпсіздігі туралы үнпарақтарды таратты.


1
101

2
Парақтарды тарату

3
Флешмоб

                                                                            Тәрбие ісінің орынбасарлары: Мусаибова Г.Т., Амиржанова Б.К.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь