Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

“22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні”

    

  “22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні” – Новоишим қазақ орта мектебі осы мерекеге белсенді атсалысты.

      15.09.2017ж. 11 «Ә»сыныбында “Словарь языка Пушкина ” атты дөңгелек үстел өтті. Сабақ барысында Пушкин шығармаларына зерттеу жұмыстарын жүргізілді.  Ақын шығармаларынан  үзінді жатқа оқылды. Дөңгелек үстелге оқушылар  қызығушылықпен қатысты.

   16.09.2017 ж. 11-сыныптары арасында өткізілген “ Live and learn” атты сыныптан тыс жұмыста оқушылардың ағылшын тілін жақсы меңгергендігі мен тілге деген сүйіспеншіліктері көрінді. 9-11 сыныптар арасында өткізілген халықтардың мәдениеті мен тілдерін презентациялауда  оқушыларымыздың тілдің қадір-қасиетін, ұлылығын зор бағалайтындарына куә болдық. Бұл шара тәрбиелік маңызы зор шаралардың бірі болды.     

      18.09.2017 ж. 6-сыныпта Қожахметова Әсемгүл Серікқызының өткізген ашық сабағынан оқушылардың орыс тілін жақсы меңгергендігі, тілге деген сүйіспеншіліктері көрінді. Оқушылардың тіл байлығы мен дұрыс айтылымы мен жазылым сапасына көңіл бөлді. Орыс тілінің грамматикасын меңгерту үстінде бірнеше жұмыстар атқарды.

       18.09.2017 ж. Смагулова  Алтын  Толеубаевна 8-сынып оқушыларының арасында ағылшын тілінен сайыс өткізді. Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту мақсатында өткізілген бұл сайысқа оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығы байқалды.    

        Жоспар бойынша апталық барысында  «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында шығармалар сайысы өтті. Жүлделі орындар алған оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Сайыс қорытындысы шығарылып, ескертулер мен ұсыныстар жасалды.

    Мерекеге арналып жоспарланған  іс-шаралар толық жүзеге асты . Сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жоғары деңгейде өтті.

1

2

19-22 қыркүйек аралығында 1-4 сынып оқушылары арасында  «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан...»  мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша келесі орындар бекітіліп, марапаттар берілді

1 сынып оқушылар арасында: I орын – Естөре Нұрайым, Шарбекова Аяулым

                                                    II орын – Мирсалим Самира, Ергеш Кәусар       

                                                    III орын – Шаукенова Аружан   

2 сынып оқушылар арасында: I орын- Дауенова Айша                                       

                                                    II орын – Дауенова Нұрила

                                                    III  орын – Сарайбек Әділет

3 сынып оқушылар арасында: I орын- Қайырла Дидар

                                                    II орын –  Шарбекова Амина

                                                    III  орын – Исаева Дилназ, Жүзбай Азат

4 сынып оқушылар арасында: I орын- Бүркітбай Жангүл

                                                    II орын –  Серікбай Меруерт, Амангельдиев Ералы
                                                    III  орын – Амангельдиев Ануар, Файзуллин Дулат

5


Тәрбие ісінің орынбасарлары: Мусаибова Г.Т., Амиржанова Б.К.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь