Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Все новости

Өзін-өзі басқару күні!

 Мұғалімдер күні – бұл бір көңіл толқитын ерекше мереке. Бұл күні мұғалімдерді ерекше  қадірлеп, өз өмірлерін балалардың болашағы үшін жұмсаған адамдар үшін көптеген көңіл бөлінді.  

      Жылдағыдай бұл күні біздің мектепте өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл күні оқушылар мектепті басқару тізгінін өз қолдарына алды. Дайындық жұмыстары алдын ала басталды. Бұл жұмысқа ең жауапты оқушылар таңдалып алынып, жұмыс жоспарлары құрылды. Мектеп директоры болып 11 сынып оқушысы Касенов Темирлан таңдалды. Мектеп директорының орынбасарларына да 11 сынып оқушылары, ОІ бойынша Қазиканова Алтынай, ТІ бойынша Серікбай Шынар тағайындалды.

      Өзін-өзі басқару шарасы оқушыларға мұғалімнің жұмысының қиындықтарын түсінуге мүмкіндік берді. Бүгін мұғалімдердің орнын оқушылар басып, сабақтар жақсы деңгейлерде өтті.Сабақтар аяқталғаннан соң салтанатты линейка ұйымдастырылды.Оқушы болған мұғалімдерге мақтау қағаздары тапсырылды.  

Жұмыс күні оқушылардың күшімен дайындалған мерекелік концертке жалғасты. Концертте көрермендер қатарын педагогика ардагерлері мен ата-аналар толықтырды. 11 сынып оқушылары қонақтарды гүл шоқтарымен қарсы алды. Мұғалімдер күніне арналған мереке жақсы өтті деп ойлаймыз.

     

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь