Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Қауіпсіз мектеп»

« Қауіпсіздік жолдары» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды, оған дайындық тобының бүлдіршіндері мен бастауыш сынып оқушылары қатысты, жақсы салған оқушыларға мақтау қағаздары берілді.

- Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы «Абайлаңдар, балалар!» тақырыбында сайыс өткізді. Олар жолда жүру ережелері бойынша өз білімдерін көрсетті, сосын сайысқа қатысушы топтардың білімін саралады.

Сайысқа 3топ қатысты, олар бағдаршамның түстерімен аталды.Олар жолда жүру ережелерінің шығу тарихы туралы мәліметтер айтты, викториналық сұрақтарға жауап берді, белгілерді анықтады, қойылым қойды. Сайыс өте қызықты өтті, «Сарылар» тобы жеңіске жетті.

-Ата-аналарға, оқушыларға жолда жүру ережелері туралы жадынамалар таратылды.

-қозғалыстың жас инспекторлар жасағы дайындық тобы бүлдіршіндері мен

1-сынып оқушыларына мектепке келу жолдарын түсіндірді, көлік  келе жатқан жағдайда не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін  айтты.

-Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі оқушыларға өрттің алдын алу мақсатында істелетін жұмыстар жөнінде түсініктеме жүргізді, өртке қарсы құралдармен таныстырды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь