Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

мектепке жол акциясы

«Мектепке жол» акциясы бойынша істелген жұмыстар есебі

Тамыз айында мөлтек аудандарды аралап мектеп жасындағы балалардың толық тізімін алып оларды 0-18 жастағы тізімге енгізілді, және жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді.

 Жаңадан кешіп  келген отбасылардың тұрмыс жағдайы білініп мектеп жасындағы балалардың тізімі алынып оқуға дайындықтары байқалды.

Ауыл әкімшілігіне байланыс жасалды, тұрмысы төмен отбасылар ауылда тіркелмеген. Көпбалалы отбасындағы оқушылардың тізімі жасалып, жаңа оқу жылына дайындалуына демеушілерден көмек сұралды. Негізгі мектеп бітірген оқушылардың еңбекпен қамтылуы туралы ақпарат жиналып, аудандық білім бөліміне мәлімет жіберілді.

 Қыркүйек айында оқушылардың мектепке келуі қадағаланып, оларды арнайы журналға тіркелініп отырылды. Жаппай білім беру қорынан тегін тамақ ішетін оқушылар жоқ. 

Шаруашылық басшыларымен бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырылуы туралы келісім жасалды.

Білім күні 1-ші сыныпқа баратын оқушыларға  «Мамбетов және К» серіктестігі 9 оқушыға жалпы  72000 теңге ақша бөліп оқу құралдарын әперді.
Ауылымыздағы жеке кәсіпкері ИП «Кабдолина» бұл  акция аясында өз көмегін аяған жоқ. Нақтылап айтсақ дайындық сыныбына баратын 1 оқушыға мектепке керек оқу құралдарын әперді.
   Мұғалімдер тарапы да аталмыш акция аясында қаражат жинап, көпбалалы отбасында оқитын 3 окушыға мектеп формасының галстугын әперсе, әлеуметтік көмек қажет ететін 1 оқушыға оқу құралдарын алып берді. 

Жалпы акция аясында 13 оқушыға  демеушілерімізден және мұғалімдер тарапынан 80100 теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь