Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Информатика пәні бойынша оқытудың интерактивтік әдістерін қолдану

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Златогорская орта мектебі

 Информатика пәнінің мұғалімі Мағзұм Н.

 

 

 

Информатика пәні бойынша оқытудың интерактивтік әдістерін қолдану

 

 

                                                            Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен              

                                                   «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.

                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев

 

 

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер мұғалімдердің білімдерін көтерудегі жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді қажеттiлiк тудырады.(1 слайд)

 

Мұғалім мен оқушының арасындағы қарыма қатынастың үш формасы(2слайд)

  1. Бейтарап әдіс(3 слайд)
  2. Белсенді әдіс (4 слайд)
  3. Интерактивті әдіс (біз бүгін осы әдіске тоқталамыз (5 слайд)

 

  • Интерактив – сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
  • Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, конструктивті білім беруге, сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.(6 слайд)

 

Интербелсенді әдістерге: топпен жұмыс, пікір–таластар, проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, рөльдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі, кейс – стадийлер, миға шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета алу әдісі және т.б. жатады.

Көрсетілген интербелсенді әдістерді қолдану арқылы- мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, оқушыларды елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

(7 слайд) Интербелсенді әдістің нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:

  • Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
  • Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
  • Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
  • Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
  • Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен,  интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).

 

(8 слайд)Осы бағытта кезігетін кедергілер:

  • Топ ішінде белсенділік танытпайтын адамдардың пайда болуы
  • Уақыттың тиімсіз пайдалануы
  • Топтасу пайда болуы, яғни топтар арасында өзара кикілжін туындауы
  • Топтық жұмыстардағы шу
  • Топ ішіндегі спикерлер дәлелді сөйлей алмауы

 

 

(9 слайд) Кедергілерді жою мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруға болады.

  • Мысалы, бірінші мәселе бойынша, топ ішінде белсенділік танытпайтын оқушыны ынталандыру үшін, тапсырма бергеннен кейін топ ішінде аралап жүріп, аз қатысып отырған адамды таңдап, орындық арқасына стикер жапсырып кетуге болады.
  • Тапсырманы орындап болғаннан кейін спикер тағайындауда, орындықтың артында стикермен белгіленген адам болады деп жариялаймын.

 

(10 слайд)Ең тиімді әдістің бірі «3 таяқша» әдісі.

Әрбір топ мүшесіне 3 таяқшадан үлестіріліп, тақырып төңірегінде 1 – идея, 1 - сұрақ, 1 – жауап беруге тапсырылады. (әдістерді тарату)

 

(11 слайд) Топтық жұмыс барысында топтар ішінде түрлі кикілжін жағдайлар туындауы мүмкін. Яғни, топтар арасында бәсекелестік туындап, ол бәсекелестік дауды тудыру мүмкін.

 Оның алдын алу үшін не істеу керек?

 

(12 слайд) Оның алдын алу үшін топтар құрамын үнемі ауыстырып отырған дұрыс, яғни ауыспалы топтар жасау.

Топтарды құруда түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер ақылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері, жастары бойынша есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолдану.

 

(13 слайд)Электронды оқулықпен жұмыс

 

 
   

 


(14 слайд)Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

ертегілерден үш ұнайтын кейіпкерді ойланып, қағазға жазыңыздар..

 
   

 

 


(15 слайд)Мен ойлаймын, мен-……….


Біреулер ойлайды, мен-………


Шын мәнісінде, мен-……….

 

(16 слайд)Сабақтың барысы

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
  • Топқа бөлу
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жұмбақ. Қазір сіздерге суреттер көрсетемін сол арқылы сабақтың тақырыбын болжап айтыңыздар.
  • Блум бойынша
  • Білу  /Үй тапсырмасы тексеріледі/ 8 мин
  • Түсіну /ақпарат беріледі/ 5 мин
  • Қолдану /Кубизм стратегиясы/ 8 мин
  • Сергіту кезеңі 2 мин
  • Талдау /Топтық жұмыс/ 8мин
  • Жинақтау /Компьютерде жұмыс/ 7 мин
  • Бағалау  1 мин
  • Рефлекция 1мин
  • Үйге тапсырма 1 мин

 

ТОПҚА БӨЛУ

 

Күні: .      Пәні:       Информатика     Сыныбы: 7А      Сабақ реті: 6

 

Сабақтың тақырыбы

Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғылары.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды ДК-мен  оның  негізгі блоктарымен  және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ –мен, ТЖҚ-мен таныстыру. Жан-жақты  болуға, топпен  жұмыс  істеуге тәрбиелеу. Оқушының  есте  сақтау  қабілетін  дамыту.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже

“Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі.

 Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды, оперативті жадын, қатты дискті CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (видеокарта) пернетақтадағы: Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін біледі.

Сілтеме, негізгі дерек көздері

Сабақ жоспары, информатика оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, бағалау парағы, МАН,  Интернеттен алынған ақпараттар

Сабақтың барысы

Оқыту  түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

 

 

 

 

Топқа бөлу

Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Әсем - әдемі» тренингін өткізу.

«Өзіңе мақтау, мадақтау айту жеңілге түседі ме екен?»

 

 

Валюта (теңге, доллар, евро) арқылы топқа бөледі

Мұғаліммен амандасады, Шеңберде дөңгелене тұрған әрбір оқушы өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес сын есімді қосып айтуы қажет.

 

 

 

Оқушылар таңдаған валюта арқылы 3 топқа бөлінеді. Топқа ат қойып, ұран құрастырады.

5 мин

Мақсат қою кезеңі

 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жұмбақ. Қазір сіздерге суреттер көрсетемін сол арқылы сабақтың тақырыбын болжап айтыңыздар. (Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды)

 Сабағымыздың мақсаты ДК-мен  оның  негізгі блоктарымен  және олардың міндетімен танысу және жұмыс істеу. Компьютердің негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ –мен, ТЖҚ-мен таныстыру.

1 мин

Білімді тексеру кезеңі

Білу

 

Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық  технологияларды пайдалану.

Блумның білу кезеңі бойынша үйге берілген тапсырма бойынша дайындалған сұрақтарды слайд арқылы ұсынады.

Әр топ берілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді.

8 мин

 

Бағалау: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

 

Түсіну

 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Келесі кезең түсіну кезеңі. Тақырып бойынша мәлімет беру. Презентация.

Білетін  ақпараттарына сүйене отырып, жаңа деректерді оқып, дербес компьютер туралы ақпараттарын кеңейтеді, қызметі, қолданылу аймағы туралы біледі, есте сақтайды.

5 мин

 

Қолдану

 

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар  тапсырмаларды орындайды

 

 

Диалогтік оқыту

Келесі кезең қолдану кезеңі. «Кубизм» стратегиясын негізге ала отырып ДК туралы бар білімдерін, ақпараттарын жан-жақты ояту.

Кубизм   стратегиясымен   жұмыс.

а/  Әр топқа кубтың бір қабырғасындағы жұмыс тапсырылады.б/  Тапсырманы әр топ талқылайды, жазады. Кубтың 6 қабырғасы бойынша тапсырма береді:

1 айналым

1-топ Зерттеу. 

2-топ Суреттеу.

3-топ Салыстыру.

2 айналым

1-топ Қарсы шық.  

2-топ Оймен байланыстыру.

3-топ  Қолдану.  

1-топ Зерттеу.  Қазіргі заманғы Дербес компьютердің негізгі сипаттамалары туралы мәлімет береді. Негізгі құрылғылары, олардың қызметі, өзара бйланысы  ұғымын түсіндіру.

2-топ Суреттеу. Дербес компьютер мен оның құрылғыларын суреттеп шығады.

3-топ Салыстыру. Үстел үсті компьютері мен ноутбукты салыстырады.

1-топ Қарсы шық.  Компьютердің әлсіз жақтарына (кемшіліктеріне) дәлелді пікір айтады.

2-топ Оймен байланыстыру. Компьютермен қандай жұмыстар жасауға болады? Пайдасы бар ма? Сол жөнінде ой бөліседі.

3-топ  Қолдану  Компьютерді қолдану аймаға қаншалықты? Ол тек мектепте, оқу орындарында ғана қолданыла ма? Сол жөнінде сөз етеді.

8 мин

 

Формативты бағалау.  Жұлдызша арқылы бағалау

Сергіту кезеңі

  1. Қарлығаш
  2. Көкек
  3. Қараторғай
  4. Суықторғай
  5. Қаз
  6. Бұлбұл
  7. Пернетақта

 

/2 мин/

Талдау

 

 

Сын тұрғысынан ойлау,

 

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Топтық жұмыс.

І топ “Компьютердің құрылғылары”,

 ІІ топ “Компьютердің түрлері”,

 ІІІ топ “ “Компьютерді пайдалану” моделін жасату, қорғату..

Топқа берілген тапсырма бойынша модель жасайды, қорғайды, дәлелдейді.

 

8 мин

 

Формативты бағалау

Әр топ өзара бағалайды.

 

Жинақтау

АКТ қолдану

Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру.

Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны» мәтінін теру арқылы Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін түсіндіру

Компьютермен жеке жұмыс жасайды.

 

7 мин

 

Бағалау

Критериалды бағалау.

Табыс критерийлері: жылдамдық, қатесіз, көлемі

 

Жинақтау

1 мин

 

 

Рефлекция

 

Тақтаға плакатта көңіл – күйі бойынша күлегештерге стикерді іледі

1 мин

Бағалау

 

Формативты бағалау

Оқушылар тапсырмаларынан жинаған ұпайларын қосып, мұғалімге хабарлайды.

Оқушылардың өздері қойған бағаларын күнделік бетіне түсіреді.

1 мин

Үйге

 

«Болашақтың компьютері» тақырыбында эссе жазу

1 мин

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь