Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы
Қазақ мектеп-гимназиясында «ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ» атты мұражайлық сабақ 8-9 сыныптар арасында өткізілді.
Тәуелсіз ел атанып, өз алдына дербес мемлекет болу- айтар ауызға оңай көрінгенімен, біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ. Тарих беттерін парақтасақ, сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін әрқашан да атап өтеміз. Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Мұражайлық сабақтың мақсаты: Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, Отанына, туған еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, тәуелсіз елін, байлығын, табиғатын, тілін қорғауға, болашақта Қазақстанның рухын биіктетуге, көркейтуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер