Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ХХІ ғасыр ата-аналар конференциясы

ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы    Республикалық  ата-аналар конференциясына
мақала.
       «Парасат» мектеп-лицейінде  2016 жылы 10 қыркүйек күні бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек ретінде    ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы    Республикалық  ата-аналар конференциясы өтті. Мақсаты - мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау. Конференцияға НұрОтан партиясы Қызылжар ауданы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Оралтайұлы Абуталип және аудандық Білім басқармасының әдіскері Әсемгүл Мұратқызы Жунуспаева қатысты. Конференцияны мектеп директоры Сағат Құрманғалиқызы ашып, келген қонақтарға сөз берді. Данияр Оралтайұлы осы конференцияда 3 тілдік туралы сөз қозғады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің атынан  хат оқу үшін аудандық Білім басқармасының әдіскері Әсемгүл Мұратқызына сөз берілді.
    Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінде қазақстандықтардың өскелең ұрпағы жағымды жасампаз дүниетанымы, берік адамгершілік қағидалары, жауапкершілік сезімі қалыптасқан, саналы таңдау жасай алатын және Отанымыздың игілігіне көзделген дербес шешімдер қабылдай алатын жан-жақты дамыған тұлғалар болып тәрбиеленуі қажеттігі туралы  айтқан болатын.
        Баланы психологиялық қолдау көрсетуде  отбасы мен мектептің өзара тығыз қарым-қатынаста болғанда ғана шешуге болатынын айтқым келеді. Білім алу әрине 1-ші сынып оқушысы үшін өте жауапты және қиын еңбек. Сондықтан да, мектепке бару баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді.  Мектептегі жаңа жағдайға сәтті бейімделуге қалай көмек беруге болады?  Конференция осы тақырыпта өрбіді. Конференцияның өту барысында ақыл-кеңестер, 1-ші сынып оқушыларының ата-аналары үшін ескертпелер, видеороликтер көрсетілді.   Ата-аналар конференциядан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу Институтына алғысым шексіз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь