Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Критериалды бағалау технологиясының моделі және оқу қызметінде жобалау технологиясын қолданудың тиімділігі

9.11.2016 күні бастауыш сынып  бойынша «Критериалды бағалау технологиясының моделі және оқу қызметінде жобалау технологиясын  қолданудың тиімділігі»  тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің курс тыңдаушыларына арналған семинар өтті.
Курс тыңдаушыларын «Өрлеу БАҰО» аға оқытушысы Ильясова А.Ш. бастап келді. Барлығы 25 тыңдаушы қатысты. Семинарды директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары: Есенгалиева Айгуль Ерболовна ашты.
Бірінші сабақ сауат ашу пәнінен 1 «Б» сыныбында, екінші сабақ 1 «Ғ» сыныбында математика пәнінен өтті. Базарбекова Дина Жангалиевна мен Курманкина Гульбарам Бодаевна оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып,жаңартылған білім бағдарламасы бойынша  заманауи технологияларды да шебер қолдана білді. Оқушылар зерттеу жұмыстарын орындап, білімдерін көрсете білді.  Келесі кезекте «Оқушылардың ғылыми жобасы» тақырыбында коучингті Исахметова Эльмира Темирболатовна мен Назарова Алмагуль Кабдулмановна өткізді. Коучингтің мақсаты:
 
Сабақ өткізуде оқушы белсенділігінің әсерін арттыруда,
  • әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауда,
  • жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде бағалау әдістерін ұсыну;
Коучинг барысында  топтық тапсырмалар беріліп, қорғаулар болды. Семинар соңында қатысушылар сабақтар мен коучинг бойынша пікірлерін білдірді. Семинар жоғары деңгейде өтті. Әріптестерімізге семинардың өтуіне белсенділік танытқандары үшін ризашылық білдіре отырып, шығармашылық  табыс тілеймін!
 
Әдістемелік бірлестік жетекшісі                Сексенбаева Жанаржан Дулатовна








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь