Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Тілдер мерекесі

22 қыркүйек- Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтілуде.№2 Чкалов орта мектебінің гиманитарлық пәндер бірлестігі Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілетін онкүндік іс - шаралар жоспарын құрап, белгіленген жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.Мектеп әкімшілігі 5-11 сынып оқушылар арасында Тіл мерекесінің ашылу салтанатты жиын ұйымдастырып, сол мерекеге қатысты сайыс пен байқаулар, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстар, пікірсайыс пен оқырмандар конференция және тағы басқа жұмыстарға шәкірттерді белсене қатысуларына шақырды.Жиында мұғалімдер көмегімен ана тілі туралы өлеңдер мен тақпақтар үш тілде орындалды.Тіл пәндері мұғалімдері Б. Бөгенбаев пен А. Шауенова "Тіл туралы Заңнан" кейбір айдарларына шолу жасады. 19.09. күні барлық сыныптарда Тіл мерекесіне арналған тәрбие сағаттары өтті. 23.09. бастауыш сыныптарда "Тіл - тірлігімнің айғағы" атты әдеби монтаж өтті.7,8 сыныптар оқушылар арасында орыс тілі мұғалімі Фазылова Р.Г. Лингвистикалық викторина өткізді. 9 сыныптар оқушыларымен орыс тілі мұғалімі Исмагулова Н.Т. Интеллектуалдық марафон өткізді.Ағылшын тілі мұғалімі Ашимова К.К. 10 сыныпта "Казахстан - Великобритания" сайыс сабағын қызықты өткізді."Моя любимая учительница" тақырыбына оқушылар шығарманы орыс, қазақ тілдерінде жазып,ауданға жіберді.Ағылшын тілі мұғалімі Найманбаева  Ж.А. 8 сыныпта "Казахстан" атты викторина өткізді, оқушылар белсенді қатысты.22 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен "Тіл фестивалі - 2016" атты іс - шарасы апталықты қорытындылады.Бұл іс-шарада апталық барысында өткізілген шараларға белсенді қатысқан оқушыларды мектеп әкімшілігі атынан мақтау қағаздарымен марапаттады.

       

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь