Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қайырымдылық күні

Мектебіміздің қайырымдылық тобының қарттар күніне байланысты қарттар мен мүгедек адамдарға көмек көрсеткендігі
7-8 сынып оқушылары жасақталған қайырымдылық тобы әр оқу жылында қарт адамдардың үй шаруашылығына жәрдемдесіп, қол ұшын беріп тұрады.Осындай игі істің бірі біздің оқушылар еліміздің қадірлі әжесі,зейнеткер,еңбек ардагері Тажигулова Шәрия әженің үйіне барып, үй шаруасына қол ұшын беріп, әжейдің үлгі-өнегесін тыңдады.Ауылдың келесі аяулы жаны, көп жылдар еңбек сіңірген зейнеткері,тыл ардагері Салыкова Шолпан әжейге үй ішіне көмектерін көрсетті. "Қарттар күніне" орай 2016 жылдың 1 қазанынан бастап 1 қарашасына дейінгі кезең аралығында қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау айлығы жүргізілуде. Чкалов селолық округінің бірнеше қарттарына көмек көрсетілді.Солардың бірі-зейнеткер Чернецкая Янина,Дивавина Леонтина,Кукурика Бронислава. Ауылымыздың қадірлі қариясы,зейнеткер,тыл ардагері Аканов Дайыр атамызға оқушылар тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетілді.Олар қарияның үйіне барып,үй іші мен ауласын тазартып,көмек көрсетті. Осылайша оқушыларымыз әлеуметтік қолдау айлығы бойынша ауылымыздың бірнеше қарттарына жәрдемдесіп шықты.
қайырымдылық        

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь