Биылғы оқу жылы біздің мектебіміз үшін тарихымызда маңызды болып саналады. Мектебіміз күрделі жөндеуге қаржыландыру ұтып, жаңартылған күйге енді. Жөндеу барысында жұмыскерлер мектеп сыртын керемет түсі бар сайдингпен, ішін пластик әйнек пен евро есіктермен жабдықтады. Оқушылар білім күнін өз мектебімізде тойласын деген оймен демалыс күндеріне қарамастан жұмыс жасады. Мектеп басшысы Марфуга Қайырденқызы мектебіміздің жөндеуін ғана ойламай, бірыңғай мектеп формасына да қол жеткізді. Мектеп формасы ЖШС "АLTINLAR" компаниясынан сәтті алынды. Басшысы қалай бағыттаса, қостайтын қарамағындағы жұмысшылар ғой. Сондықтан да "Бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарған" біздіңғ ұжымның балалар болашағына жұмыс орнына деген жанашырлығы кімді болса да тәңті етеді. "Бірлік бар жерде тірлік бар" деп, осыны айтады. Сізге мың да бір алғыс білдіреміз.