Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Қазақ елі тарихтың жаңа бір кезеңіне қадам басты. Тəуелсіздік мерекесінде барымызды түгендеп, ертеңге бағдар құру – заңдылық. Бүгін елордада Елбасы егемен елдің қалыптасуына үлес қосқан жақсылармен жүздесіп, өткенді саралап, болашаққа көз жүгіртті. 34 жылдан кейінгі Қазақстан қандай болмақ? Тəуелсіздік тойының қазақстандықтарға қандай тартуы бар? Тəуелсіздік күніндегі салтанатты жиынға келген бұл жұрт тоталитарлық жүйенің қыспағы, коммунистік идеологияның нұсқауы деген ұғымдарды жақсы біледі. Ендеше азаттықтың ақ таңы бұл азаматтар үшін ерекше ыстық. Бəрі бір-бір саланың тұтқасын ұстағандар. Ал көш басында – тəуелсіздік ұғымымен есімі егіз Елбасы. Егемендігіміздің еңсесі тіктегелі 25 жылдың жүзі болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап баһадүр бабалар арманын ақиқатқа айналдыру жолында тынымсыз тер төгіп келеді. Президент барша қазақстандықтар үшін шоқтығы биік осы бір мерейлі мерекеге жылда ерекше тоқталады. Биыл да солай. Елбасы мерейтойлық жиында атқарылған істерді саралады. Тарих үшін тамшы уақыт аралығында өшкеніміз жаңғырып, жоғалғанымыз түгенделгенін жеткізді. Жиналғандар Президентке, ал Елбасы түн қатып, түс қашқан күрделі кезеңде қолдау танытқан халқына алғыс айтты.  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Тұғыры мығым, мәртебесі биік тәуелсіз Қазақстанды біз бәріміз бірге жасадық. Бүкіл қазақстандықтар болып, әрине, оның ішінде сіздер де барсыздар. Мен бүгінгі мерейлі сәтте ел дамуына үлесін қосқан әр отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін. Киелі осы ұлы мемлекет құруда, елді біріктіруге жасаған жұмыс шаруамызда Алатаудың баурайындағы азаттықтың алтын бесігі Алматы бар. Жағасын қарт Каспий толқындары сүйген мұнайлы өлке атыраулық және маңғыстаулық ағайын. Кеншілер мекені қарағандылықтар, байтақ даланың қос жұлдызы сұлу Көкше мен Баянауыл өңірлерінің және шұрайлы Шымкенттің тұрғындары толассыз тер төкті. Жер жәннаты жетісулықтар мен Ақ Жайық ару мекен батысқазақстандық бауырлар, асты мен үсті байлыққа толы кенді Алтай өңірі, талай тарихтың куәсі Жамбыл тұрғындары ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Сіздердің әрқайсыларыңыз еңбектеріңіз тәуелсіздіктің тұғырын нығайту жолында маған ересен күш, қуат берді. 25 жыл бұрынғы дархан даладағы көрініс өзгеше еді. Жиынға келгендер сол жылдарды көзбен көріп, санамен сезінгендер. Бір ғана дерек. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда жылына елімізден 1 шаһардың тұрғыны көшіп кетіп отырған. Халық саны миллиондап қысқарды. Экономикалық ахуал тіпті мүшкіл еді. Əлем елдері болашағымызға күмәнмен қарады. Ана тіліміз жетім баланың күйін кешті, талай қандастарымыз жат жерді паналады. Бүгін орта толды. Азат елде санасы да азат дарынды жастар өсіп келеді. Дамудың даңғыл жолындағы қазақ елімен бүгінде азуын айға білеген алпауыт елдердің өзі санасады, жемісті жетістіктерін мойындайды. Бұл ретте  елімізде жүзеге асып жатқан жобалардың пәрмені зор. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Создали эффективную модель экономики. У нас не было единой системы коммуникаций, производства транспорта, электропередачи. Мы создали её за годы Независимости. Автодороги и железные дороги были проложены так, что они напрямую не связывали уголки нашей огромной страны, а все параллельно шли на север. Сейчас с реализацией программы «Нұрлы жол», «Cветлый путь» мы завершаем создание единой транспортной системы. Мы строим её как новые артерии в глобальных маршрутах, проложены тысячи км дорог автомобильных, 3 тыс. км. железнодорожных путей. Тəуелсіздік күнінде Мемлекет басшысы халқына алғысын жаудырып қана қоймай, тартуын да жасады. Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемін 20%-ға арттыруды тапсырды. Бала тууып, ұлт санын арттыруға үлес қосқандарға берілетін бір реттік жəрдемақы мөлшері де көбеймек. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасын табатын түрі бар. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Все эти годы, несмотря на мировые экономические кризисы, мы уделяли особое внимание социальной сфере. Социальные расходы за 25 лет выросли с 26 млн до 4,8 трлн тенге, как посчитали — это в 180 тысяч раз, это 46% от бюджета страны. Эту работу мы будем продолжать. В ознаменование нашего 25-летия Независимости я поручаю правительству в следующем году повысить размеры пенсий на 20% к уровню 2016 года. Это повышение охватит 2 млн 200 тыс. казахстанцев. Также поручаю с 1 июля 2017 года увеличить размер единовременного государственного пособия в связи с рождением ребенка на 20%. Унас очень высокий уровень рождаемости — рост 55%. Болашаққа зер салып, болжам жасаған сарапшылар да Қазақстанның қарымына оң баға берген. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Наша страна, по мнению ведущих мировых экспертов, дала миру яркий пример казахстанского экономического чуда. Лауреат Нобелевской премии по экономике господин Кидланд, подчеркивает, что Казахстан является одной из наиболее быстро развивающихся стран в мире. Темпы развития страны впечатляют. За годы независимости наша экономика выросла больше чем в 20 раз. С 1999 года по 2016 год наша экономика непрерывно каждый год растет. 17 лет из 25 стабильный рост каждый год. С момента введения тенге в 1993 году у нас наблюдался постоянный чистый приток ПИИ на протяжении 23 лет, каждый год приходили инвестиции. Это само по себе хорошо, но это является признаком глобального доверия мирового бизнеса нашей стране. 25 жыл ел тізгінің ұстаған Елбасының өзі де болашаққа көз жүгіртті. Мемлекет межелеген мақсаттарды пысықтап, 2050 жылдағы Қазақстанның жағдайын суреттеп берді. Ендеше, 34 жылдан кейін біздің бағындырар белестеріміз мынандай. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - 2050 жылға дейін біз дамыған 30 елдің қатарына кіреміз. Қазақстанда орта санаттағы азаматтардың саны басым болады. Сол кезде шағын және орта бизнес ішкі жалпы өнімнің 50%-ын қамтамасыз етеді. Ол үшін бүгінде Ұлт жоспары аясында тиісті жағдайлар жасалып жатыр. Ұлттық экономика еңбек өнімділігінің өсуі арқасында дами түседі. Оның көрсеткіші бес есеге артып, бір адамға шаққанда 120 мың долларға өсетін болады. Біз инновациялық даму моделіне көшеміз. Индустриалды-инновациялық даму бағдарласының қазіргі бесжылдығы аясында 300-ден астам жаңа инновациялық кәсіпорын салынады. 2050 жылға дейін 2 миллионға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылады. Осы орайда жалпыға бірдей кәсіби білім беру бағдарламасының рөлі зор. Шамамен 1 млн адам жұмысшы мамандықтарымен қамтылады. Мектепті бітірген әрбір түлекті мемлекеттің есебінен оқытып, нақты бір мамандық беретін боламыз. Лайым, осылай болғай. Күмəндануға негіз жоқ. Өйткені нақты бағдарлама түзілген, жоспар жасалған. Шарапаты мол шара барысында саясат сахнасындағы салмақты тұлғалар, ел ағалары мен спортшылар ға дейін ширек ғасыр ішіндегі Елбасының ерең еңбегіне ілтипаттарын білдірді.  Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: - Аса мәртебелі Елбасы, қадірменді қауым. Біз тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. Бұл – аса құрметті Нұсұлтан Әбішұлы, осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіздіктің тал бесігі Алматыда жоғарғы кеңес мінберінде тұрып айтқан сөзіңіз. Десе де, көңілден түйіп, жүрекпен көре білгенге бұл жай сөз емес. Ұзақ ұйқыдан оянған елдің тұңғыш Президентінің сонау 1991 жылдың орталық басына, қалғаны тұсына тартқан тар уақытында тастаған ұраны. Сол ұраннан бастау алған тағдырдың тәкәппар сынағы. Осы сынақты аброймен арқалаған халықтың заңды хақысы. Айналып келгенде, жалғыз ердің жалпақ елге әкелген нағыз бақыты. Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: - Еліміз тәуелсіздік алғанда Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етті. Қашан да рақымымен рахманды, қанағат пен сабырды серік еткен Сіз қиыннан қиыстырар жол тауып, бірегей мемлекеттік институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын қалыптастыру арқылы қырық құраулы халқыңыздан қазақстандықтар атты монолитті біртұтас халық қалыптастырдыңыз. Сіз барша қазақстандықтардың басын бір шаңырақтың астына тоғыстырып, береке мен бірліктің, даму мен гүлденудің жолына айналған бүгінде бүкіл әлем мойындаған, мойындап қана қоймай, барлық дамушы елдерге үлгі өнеге ретінде ұсынылып отырған қазақстандық жолды негіздедіңіз. Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының чемпионы: - Аса құрметті Елбасы! Әлемнің көптеген елдерінде өз ұрандары бар. Жастарды жігерлендіретін азаматтарды біріктіретін бір-ақ ауыз сөз. Біздің бабаларымыз да ұран шақырылған ту басынан табылған. Осыған байланысты спортшылардың өзіңізге ұсынысы бар. «Қазақстан, тек қана алға» деген сөзін еліміздің ресми ұранына айналдырсақ. Бұл барша патриоттардың мәңгі ұраны болар еді. Алға Қазақстан! Аға буынның жолын қуған бүгінгі бүлдіршіндерде балалық сезімдерін жасырмай, тілектерін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті қазақ жерінде тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын дей келе, кезекті рет барша қазақстандықтарды осы тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, болашақ ұрпаққа бақыт тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қиын-қыстау жағдайларда менің айтқаныма сеніп, көніп, «алға жүр» дегенде жүріп, жолдың қалай апаратынын түсінбесе де, білмесе де, сеніп, соның арқасында осындай жетістіктерге жеттік. Сол деген бәріміздің, халқымыздың ұлы ерлігі болып саналады. Осыдан ешқашан жазбайық. Тарихтан білеміз, еш уақытта қазақты сыртан кеп жау алған жоқ. Ішімізден ірітіп, жаулату саясаты жүргізілді. Қазақтың басы біріккенде барлық жауларын жеңген. Алдымен қазақтың бірлігі түрлі этностардың бірлігі болса, бір-бірімізге деген сенім болса, барлық айтқанымыз болады. Енді ертеңнен бастап екінші 25 жылдыққа аяқ басамыз. Екінші 25 жылдық бітіп, Қазақстанның 50 жылында бұдан да керемет сөздер айтыландығына сенемін. Сол кезде келер ұрпақ бүгінгі жиынды айтады, «біз орындадық» деп айтатын жағдай болсын, соларға табыс тілейік. Елеусінов айтқандай, ұранымыз «Алға Қазақстан!» болсын. Сол балалардың бақытын тілейік. Жетістіктерді жіпке тізген Елбасы салтанатты шара барысында 25 жыл өтсе де, елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп, бас тігуге дайын екендігін жеткізді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь