Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Кодтау сағаты

 Барлық Қазақстан мектептеріне қосыла отырып, Желтоқсан айының
5-11 аралығында біздің қазақ мектеп-гимназиямызда «Кодтау сағаты 2016» атты жалпыұлттық бастамамен екінші жыл өткізіліп жатқан халықаралық білім беру «Дүниежүзілік Кодтау сағаты» атты  акциясы өз жалғасын тапты.

   Акция 2016 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында “Love to Code” компаниясы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі және Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму Министрлігімен бірлесіп өткізілді.

  Апта бойы информатика сабақтарында оқушылар бағдарламалау  бастамаларымен танысып, өз білімдерін жетілдірді. Интернет желісі арқылы кодинг сағатында оқушылар «Галактиканы код арқылы құрастыру» тапсырмаларын қызыға орындады.

  Бұл кодтау сағатының мақсаты оқушылардың информатика пәні мен ақпараттық технологияларға, сондай-ақ программалауды үйренуге деген қызығушылығын арттыра отырып, ақпараттық технология мамандықтарының беделін көтеру.  

  5-7 сынып оқушылар берілген тапсырмаларды оңай әрі тез орындады, Оқушылармен сабақ соңында «смайликтер» арқылы өткізілген кері байланыс (Рефлексия) арқылы оқушыларға сабақ өте ұнағанын көрдім.

 Таң қалдырғаны, оқушылар бірден көмекке жүгінбей, өздері шешімін табуға тырысты. Сабақтың ең белсенді оқушылары қосымша басқа да тапсырмалар орындауға үлгірді. Оқушылар: «Бұл өте тамаша сабақ!», «Бағдарламалау өте қызықты, «Осындай сабақтар жиі болып тұрса, жақсы болар еді» - деген  пікірлерді білдірді.

 

                                              Информатика пәнінің мұғалімі: З.Р. Валиева

                                               

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь