2016 жылдың 14 желтоқсан күні Қалалық классикалық гимназияның қабырғасында 86 оқушы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылданды.
Аталған іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болатын. Қатардығы жасұландықтар болашақ Жас Ұлан мүшелеріне Жас Ұлан ұйымының қоғамдағы беделі мен ерекшелігі туралы ақпарат берді.
Көк галстук және төсбелгі таққан бүлдіршіндерді гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Елубай және ата-аналар атынан Дәурен Аймаков құттықтады.
Жолын ашық болсын, Жас Ұлан