Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, елінің рәміздерін қастерлеуге, қадірлеуге, халқының тегін, өткен тарихын білуге тәрбиелеу.
Звучит күй
Клип Тәуелсіздік
Жүргізуші Томирис:
Армысыздар , құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 25 жыл күллі қазақтың арман-тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 25 жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын!
Звучит күй «Көңілашар»
Ведущий Ерасыл:
Добрый день дорогие учителя, учащиеся и наши гости! Мы находимся в предверии радостного события, праздника объединяющего всех граждан нашего многонационального государства. 16 декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости!
Жүргізуші Томирис:
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Ведущий Ерасыл:
Ты выстрадал, мой Казахстан, немало.
Но стал свободным. и сейчас
Здесь равноправны все народы.
Народ - единственная власть!
Я прошлым Родины своей горжусь,
Истоки языков познать стремлюсь.
Хочу, чтоб в будущем мой Казахстан,
Стал сильным и великим среди стран.
Жүргізуші Томирис:
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңбасы, әнұраны,
Қазақ елі егеменді сан ұлты бар.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Гимн орындалады
Жүргізуші Томирис:
Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Бұл күнге қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қостық. 25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.
Жүргізуші Ерасыл:
Құттықтау сөз мектеп директоры Тоққожина Дана Қазақбайқызына беріледі
Құттықтау сөз кезегі ------------------------------------------------------------------
25 жыл презентация
Жүргізуші Томирис:
Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Жүргізуші Ерасыл:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Би «Қазақ жастары»
Жүргізуші Томирис:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Флэшмоб «Алға, Қазақстан»
Жүргізуші Ерасыл:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.
Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.
Жүргізуші Томирис:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Ән «Елім менің»
Жүргізуші Ерасыл:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай
Көрсең де көреріңді азаппенен.
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Ән «Алға, қазақ, жігіттері»
Жүргізуші Томирис:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Жүргізуші Ерасыл:
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.
«Өз елім» 8А сынып
Алтынай:
2011 жылдың 6 шілдесі күні «Елорда» күніне және Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен «Нұр Отан» партиясы «Жас ұлан» деген атпен балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымын құрды.
Зоя Косакбаевна
Балалар! Бүгін сендер үшін қуанышты күн! Себебі сендер осы күнге дейін атқарып келген мейірімді істеріңіз бен қайырымды қадамдарыңызды «Жас ұлан» ұйымында жалғастырып, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін талай игі істер атқаратын боласыздар! Кең байтақ еліміздегі ұландар жұдырықтай жұмылып, болашақтың іргесін бірге қалайсыздар!
Құрметті жас ұландықтар!
Бүгінгідей салтанатты ерекше күні сіздер үшін тарихтың ақ парағы ашылмақ! Ұландар қатарына қабылдау үшін келесі оқушыларды салтанатты түрде ортаға шақырамыз!
Тізім бойынша оқушыларды ортаға шақырамыз.
Ант, гимн
Зоя Косакбаевна:
Құрметті Жас ұландықтар! Егеменді еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, тәуелсіздік туын әлемге танытатын ұлағатты ұландар болатындарыңа сенім мол!
Азамат боп өсіңдер,
Білім қуған жасынан.
Биіктерге өрлей бер,
Қанатың талмай, Жас ұлан!
Айдынды шалқар теңізге шыққан Қазақстан мемлекетінің кемесі, айдарынан жел ескен айбынды желкені алыс көкжиекке жете берсін!
4Б класс – танец
Удовика Виктория - стих
Жүргізуші Томирис:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі - дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Жүргізуші Ерасыл:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Хор «Атамекен»
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау