«Шал ақын ауданының Еңбек бастауыш мектебі» КММ
2016-17 оқу жылы
«Мектепке жол» акциясының есебі.
Елімізде мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету және көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын жандандыру мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы барлық баланы, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес, аса мұқтаж отбасынан шыққан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, тәуекел тобындағы және өзге де әлеуметтік осал топтағы балалардың оқумен қамтылуына жағдай жасап, олардың жаңа оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау. Осы бағытта мектепішілік шаралар жоспары құрастырылды.
Акцияның жүргізілу барысы туралы ақпараттық бұрыш іске қосылды.
Мектебімізде 1- тамызда республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Аудандық ББ бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды.Акция іс-шара жоспары талқыланып ,жауаптылар анықталып,бекітілді.Мектепте арнайы стенд әзірленді. Жоспар бойынша мектептің шағын ауданындағы үйлер араланып, тізім жасалынды.Онда 23 бала анықталды. Оның ішінде:18 мектеп жасындағы, 5 мектепке дейінгі жастағы балалар есепке алынды. Мектеп бойынша азқамтылған отбасындағы оқушы жоқ. . Мұғалімдер мектептің қарауына бекітілген тұрғын үйлерді аралауға қызу кірісіп кетті. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды. Акция барысында мектеп мұғалімдері атынан Жанбырбаева Аружан 3-сынып оқушысына (оқу құралдары 1000теңгеге )көмек көрсетілді.
Мектеп ұжымы Қуатова Толганай 2-сынып оқушысына оқу құралдары салынған сөмке сыйлады
ал ТНС-2020 1-сынып оқушылары:Төлебай А,Сейтжан Дидар,Жаслан Е. Оқу құралдары салынған сөмке сыйға тартты. Жалпы 12000теңге.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау