1-қазан Қарттар күні.
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Мектебімізде 1-қазан Қарттар күнін атап өту дәстүрге айналған
Мақсатымыз: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.. Ьіз « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау