«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Ән: «Алдараспан»
Анар:
Ж:
Ақшасы көп ағаларға,
Дархан мінез жағаларға,
Қалдырмай үйден алып келген
Жеңгелерде арман бар ма?
Өздеріңе ару тең келер ме?
Сәлем бердім жеңгелерге.
Марал:
Самал:
Ж:
Қара көзді аруларға
Жүректегі жауындарға
Көздерімен тамсандырған
Қыз дегенде жаның бар ма?
Сәлем бердім айдай сұлу ханымдарға.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын, ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Балалар, сендер бүгін әдемі киініп келіпсіңдер. Бүгін қандай мереке?
(балалар: ж.ж)
(Түлкі мен сайқымазақ кіреді. Түлкі ойланып кетеді.)
Ж: Сайқымазақ, түлкі, біздің мерекемізге қош келіпсіздер!
Сайқымазақ: Рахмет, менің ойнағым келіп тұр. Түлкі, түлкі, ойнайықшы.
(түлкі үндемейді). Түлкі, сен естімейсің бе? Ойнайықшы.
Ж: ендеше өзінен сұрайық. Түлкі саған не болған? Не ойлап жүрсің?
Түлкі: (ашуланып) не ойлап отыр дейсің ғой, онда тыңда. Аяз ата келеді, барлығымызға сыйлық береді. Ал оған кім сыйлық береді?
Ж: Ой, түлкі, сенде айтасың ау. Біздің әндеріміз, билеріміз, тақпақтарымыз Аяз атаға сыйлық болмай ма? Солай ма, балалар!
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
(Хормен) Аяз ата.
Аяз атамен бірге мешін кіреді.
А.ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын. (Тілегін айтады).
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Мешін: Амансыңдар ма! Міне, менің жылым да өтіп барады. Мені қалай қарсы алып едіңдер, естеріңде ме? Тамаша етіп тойлап едік!
Ж: Ия, мешін, біз келген жаңа жылымызды жақсылап қарсы алып, одан келер жылы үлкен үміт күтеміз. Жақсылықты, берекені, тыныштықты күтеміз. Сенің бізге өзіңмен ала келгенің де осы еді ғой.
Сайқымазақ: Аяз ата, қараңызшы, қандай әдемі балапандар. Балалар, сендердің өнерлеріңді тамашаласақ екен.
Ж: Онда сіздің тілегіңіз орындалсын. «Болашақ» шағын орталығының балаларын шақырамыз.
Нияз:
Аяз ата, қандайсың
Тоқсандағы шалдайсың
Өтірік сақал тағып ап,
Балаларды алдайсың.
Гүлсім:
Мансұр:
Ж:
Сақалы аппақ қардай
Тістері аппақ күріштер.
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
Түлкі:Сайқымазақ, маған ойнайық, ойнайық деп едік. Бір ойын ойнасақ қалай?
Ойын: «Доптар» екі аяқтың ортасына қойып, мәреге бірінші жету.
Би: «Санта Клаустар»
- Ау, мешін, сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Мешін: балалар, сенрмен болған жақсы ғой. Бірақ менің кетуім керек. Ендігі кезекті әтешке беремін.
(мешін барлығымен қоштасып кетеді).
Ж: Аяз ата, біздің жаңа жылымыз Әтеш неге кешікті екен?
А.А: білмедім. Кешікпеймін деп еді. Балалар сендер әтешті көрмедіңдер ме?
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, Балалар, әтеш қалай шақырады? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп жаңа жылымызды қарсы алайық.
Әтеш келеді: амандасады.
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін.
Менде сендерге жеттім. Мерекеден қалып қоймадым ба?
Ж: Жоқ. Қызықтар әлі алда.
Тақпақ:
Мәди:
Жасыл шырша жанында,
Айнала ойнап әнсалдық
Өзіміздің ауылда
Жаңа жылды қарсы алдық.
Аяулым:
Жансая:
Абдрахман:
Би: Қазақ (Самал)
Ж: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
А.А: Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, ортаға келіп, әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақ:
Сайқымазақ: менде бір қызықты ойын бар. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
ойын:
би: «қыздар»
Түлкі: балалар, сендермен болған бізге сондай ұнайды. Тек біздің кетуіміз керек.
(Сайқымазақ екеуі кетеді).
Ақшақар: Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге.Мен бастаймын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
«» биі
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады. Биді де билейді.
Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)
Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата - аналарымыз да бар. Тамашалайық!
Би: «Қазақ» Анар
Ж:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Ж: сен, түлкі, жаңа кеттің ғой. Сайқымазақ қайда.
Түлкі: мен оны аяз атаның сыйлығын алмасын, маған көбірек тисін деп, алдап кеттім. ХИ хи хи хи.
Ж: Олай болама екен? Қане балалар, аяғымызбен топылдатып түлкіні қуып жіберейік.
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Шаттандырған Жаңа Жыл!
Жаңа Жыл‑ әр ел,әр адамзат баласы асыға күтетін мерекелердің бірі. Оны әр біреуі өзінше қарсы алады.
Біз де, оқушы саны азырақ болса да мектеп ұжымымен өз бетімізше көңілімізден шығарлықтай қарсы алдық. Жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге тырыстық.Жаңа Жыл мектепішілік мереке болып қана қоймай, кесі күні «үлкендердің» мерекесіне де айналды.Жаңасу бастауыш мектебінде оқушылар әндерін айтып,билерін билеп, шағын қойылымдарды елдің алдында өз өнерлерін көрсетті. Мектеп ұжымының қатысушылары нағыз әртістер ме дерсің? Әсіресе Жолдыгарина К.К, Закирьянова А.О, Ескендирова А.Н, Султанова С.Е, Ескендирова М.З. ертегілерін , шағын қойылымдарын елдің алдында қойды. Жұрт олардың өнерлерін таңырқай тамашалады.
Мектебімізде концерттік бағдарламаға қолдау көрсеткендердің бірі Сердалина Ш.Б, Ескиндиров Ж.К Аяз Атамыздың қоржынына кәмпиттерін ала келді. Сонымен қатар Мендыбаев Серік Талапкерұлына рахметімізді білдіреміз . Жаңа жыл мерекесіне Серік Талапкерұлы 15 мың тенге мектебімізге сыйлады. Сол қаржы ақысына сыйлықтарды алып, оқушыларға шағын орталығымыздың бүлдіршіндеріне, концертке қатысушыларға ала келген сыйлықтарын тараттық. Барлығы мәз‑мейрам болып бір сергіп қалды.
Сонымен қатар Жаңа Жылмен құттықтауға мектебіміздің түлектері де келіп өз өнерлерін көрсетті. Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміз болды.
Жаңа жыл - әтеш жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау