Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінде сынып жетекшілер әдістемелік бірлестік онкүндігінің жоспары негізінде «Мемлекеттік аттсестаттауға психологиялық дайындық» тақырыбында педагог-психолог Сапарова Ж.Т. тренинг өткізді. Тренингке 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Мазасыздану, қорқыныш сезімдерінің деңгейлерін анықтау және төмендету мақсатында психологиялық жаттығулар тренингке енгізілді. Сабақта негізгі ұйымдастырылған жаттығу «Қорқыныш, мазасыздану суреті» болды. Мұнда оқушылар өмірде бастан кешкен немесе басқа орта субъекттерінде байқығын қорқыныш нұсқаларын 1 ден 30 ға дейін тізіп шықты. Тренинг соңында «Орындық» атты релаксациялық жаттығу ұйымдастырылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау