Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің онкүндігі аясында сайыс сабақ
Мектебімізде 20 қаңтар күні 5 «А» сынып оқушылары арасында қазақ тілі және әдебиет пәндерінің онкүндігі аясында сайыс сабақ өткізілді. Сынып 2 топқа бөлінгендіктен, әр топта 10 қатысушыдан болды. Бірінші топ өздерін «Сұңқар» деп атаса, екінші топ «Тұлпар» деп атады. Бұл сайыста қонақ болған директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдар Асқарұлы Сураганов пен 5 «А» сыныбының жетекшісі Н.К. Балаганова және сайыстың әділ бағасын қойып отырған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздары Байтенова Г.Ж., Садвакасова М.У., Кайданова А.Х.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілі және әдебиет пәнінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту, қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру. Екі топ та өздерін жақсы жағынан көрсете алды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап тауып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, сөздерді тез аударып, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетті қаншалықты меңгергендіктері мен шапшаңдықтары байқалды. Ойын кезінде көңіл күйлері жоғары, зейіндері ырықты болды. Сайыс нәтижесі бойынша «Сұңқар» тобы жеңіске жетті. Қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер