Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша мектеп және мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған оқушыларды анықтау мен есепке алу мақсатында, 2017 жылғы 10-қаңтардан 10-ақпан аралығында «Қамқорлық» атты республикалық акциясы ұйымдастырылып отыр. Акция кезіңде рейдтік іс-шаралар, үйлерді аралау, аз қорғалу санатына жататан балаларға, оның ішінде жалпы білім беру қорынан әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдарды, бизнес ұйымдарының филиалдарын, меценаттарды тарту жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр. Акцияның мақсаты жас ұрпақтың бойына адамгершілік, қамқоршылық, қайрымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарытып, өзге жандардың мұң-мұқтажына бей-жай қарамай қолдан келгенше көмек көрсетуге тәрбиелеу.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа-жан риза» дегендей балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан бүлдіршіндерімізге қол үшін созам деген жаны-жайсаң жомарт жандар қаржылай көмектерін берер деген мақсатта «Қамқорлық» акциясын өткізуде. Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық! Осы акцияға қатысқан барлық қатысушыларға мейірімге толы жүректеріңіздің жылуы жаһанға жайылсын демекпін.
Н.Б Сыздықова
Кеңес орта мектебінің
әлеуметтік ұстазы
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау